• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АҚДМ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін брифинг өткізді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін мәселелері бойынша дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифинг ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің конференц-залында өтті. Оның жұмысына таяу және алыс шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың 100-ден астам өкілдері қатысты, олар баяндамаларды онлайн тыңдай алды, оның ішінде 30-ға жуығы офлайн-форматта қатысты.

«Ашықтық пен сындарлы диалог – Министрлігіміздің басты ұстанымы. Сонымен қатар, ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асыруы басталғаннан бері бұл қағидат біздің министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда жаңа серпін берді», — деп атап өтті Аида Балаева баяндаманың басында.

Мәселен, министрдің өз қатысуымен 15-ке жуық диалог алаңдары тұрақты жұмыс істейді, олардың құрамы, -  үштен екісі қоғамдық белсенділер, сарапшылар, бейіндік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұрады. Аида Балаева бұл алаңдарда ҚР АҚДМ қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын тиімді шешімдер қабылданатынын атап өтті.

Министр дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдеріне Министрліктің ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы, этносаралық және диаспоралық саясат, сондай-ақ дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Аида Балаева ақпарат, қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша жаңа заңнамалық өзгерістер мен түзетулерге, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қоғамдық бақылау, онлайн-петиция институтын заңдастыру, коммерциялық емес ұйымдар, діни қызмет және діни бірлестіктер, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жаңа заңнамалық бастамалар туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Сонымен қатар, ол өткен жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ 2020-2022 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарын іске асыру, медиа сала мамандарын оқыту, пандемия жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау шаралары және инфодемия жағдайында фейктердің таралуына қарсы күрес шаралары туралы айтып берді.

Министрдің шетелдік дипломаттармен кездесуі шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ қызметінің презентациясы өткізілді.

«АБҚО» КЕАҚ Басқарма төрайымы Лима Диас Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл механизмін жетілдіру туралы материалдарды таныстырды.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету стратегиясын іске асыру туралы айтып берді.

Шет мемлекеттердің өкілдері Қазақстандағы ақпарат салалары мен азаматтық қоғамның өзекті дамуы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік үшін ризашылықтарын білдірді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің брифингі ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысымен танысу екендігін атап өту қажет.

  • 04.10.2021
  • 309
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика