• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әлеуметтік кәсіпкерлік. Батыс Қазақстан облысы.

Халықтың әл-ауқатын арттыру - менің облыс әкімі ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Бұл мәселені шешу құралдарының бірі ретінде мемлекет үшін әдеттен тыс функцияларды бизнеске, жеке секторға беруді айтуға болады.

Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстары баяу болса да, жүріп жатыр. Бұған бірнеше кедергілер себеп болуда. Мысалға, кейбіреулер мемлекеттің кейбір функцияларын дәл осылай бере салатындығына сенбесе, кейбіреулер конкурсқа қатысу үшін бизнес жоспарларын дайындағысы келмейді. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік қызметкерлер өз жұмысын толықтай орындамай отырғанын да айта кету керек.

Біз осы кезге дейін кәсіпкерлерге бұралқы иттер мен мысықтарды аулау және залалсыздандыру функциясын, «Ел Ырысы» базары мен «Жастар» стадионын басқаруға, қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжін, және мем. колледж студенттеріне жатақхана қызметін ұсыну функцияларын сенімгерлікке бердік. Жеке мектептердің құрылысы басталды.

Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын, қызметтердің немесе өнімдердің жаңа түрлерін шығаруға түрткі болады. Қызметкерлердің жалақысы мемлекеттік басқару кезіндегіге қарағанда жоғары болып, қызметтердің сапасы жақсарады. Біз мемлекеттік функцияларды кәсіпкерлерге беру кезінде тек осыны көздейміз.

Осы ретте, мен осындай бір жоба туралы толығырақ тоқталғым келеді. Өйткені бұл коронавирус кесірінен көп зардап шеккен кәсіпкерлерге немесе жаңа бизнес бастау туралы ойлайтын кәсіпкерлер үшін қызық болуы мүмкін.

Мен, біздің жерлесіміз, Геннадий Франктың жобасы туралы айтып отырмын. Мемлекет өз меншігіндегі ғимаратты Геннадий Франкқа сенімгерлік басқаруға берген болатын. Кәсіпкер өз кезегінде ғимаратты жөндеп, жаңарта отырып адамдарды жұмыспен қамтуға және заманауи технологияларды қолдана отырып мүгедектерге арналған ортопедиялық өнімдер өндірісін ұйымдастыруды өз мойнына алды. Мен кәсіпкердің бұл идеясы іске асатынына тілекшімін.

Мен мұндай жобаларды әлеуметтік кәсіпкерлік санатына жатқызамын. Өйткені бұл жерде кәсіпкер белгілі бір әлеуметтік мәселені шешу арқылы пайда таба алады.

Медициналық мамандар коронавирус немесе басқа да жаңа вирустар біздің өміріміздің бір бөлшегі болып қала береді деген болжам айтуда. Мүмкін біздер өмір сүру салтымызды өзгертіп, көп қаражатты қажет ететін шаралардан бас тартуымыз керек шығар.

Осы орайда, өз бизнесін өзгерткісі келетін мейрамхана иелерін әлеуметтік кәсіпкерлікті қолға алуға шақырамын.

Біздің өңірде балаларды оңалту орталықтары, оның ішінде церебралды сал ауруын және басқа да ауруларды емдейтін арнайы орталықтардың үлкен қажеттілігі байқалады.

Кәсіпкерлер ғимарат ішін арнайы аппараттармен жабдықтап, мейрамханаларды балаларды оңалту орталығына айналдыра алады. Ал мемлекет өз кезегінде ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс беретін болады.

Сондай-ақ, балалар ауруын ерте диагностикалау және емдеу үшін жабдықтар тапшылығы байқалады. Бұл жоғары рентабельді бизнес емес, бірақ мүлдем тиімсіз деуге де болмайды.

Осыны әлеуметтік кәсіпкерлік деп атайды.

Қызығушылық танытқан кәсіпкерлер менің орынбасарым Алпысбаев Аманжол Әлиханұлының +77015167371 what’s app нөмеріне жаза алады.

  • 17.08.2020
  • 385
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика