- Блогтар
- Омаров Ж.Д.
Омаров Ж.Д.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы
Қарызды өсімпұлсыз төлеңіз
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Қарызды өсімпұлсыз төле!» акциясын өткізіп жатыр. 2021 жылдың 20 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында биылғы 20 қыркүйекте мерзімі өткен берешегі бар Қордың қарыз бен лизинг алушылары (жеке және заңды тұлғалар) оны өсімпұлсыз өтей алады.
- 2021 жылғы 20 қыркүйекте Қор алдында мерзімі өткен міндеттемелері бар және мерзімі өткен негізгі борышты, мерзімі өткен сыйақыны, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақыны және есептелген айыппұл сомасын толық өтеген қарыз алушылар мен лизинг алушыларға өсімпұл есептен шығарылады. Акцияға қатысушының берешек сомасын өндіріп алу туралы сот актісі болған кезде өсімпұлды есептен шығару Акцияға қатысушы берешектің барлық сомасын сот шешімі бойынша толық өтеген кезде ғана мүмкін болады, - деп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Ринат Кабен түсініктеме берді. - Акция шеңберіндегі берешекті өтеу қаражатты қордың есеп айырысу шотына аудару жолымен жүргізіледі.
Айта кету керек, мұндай іс-шара 2015-2020-жылдары сәтті іске асып, нәтижелі болған. Осы кезеңде «Қарызды өсімсізпұлсыз төле!» акциясы аясында қарыз алушылар жалпы сомасы шамамен 3,1 млрд теңгенің мерзімі өткен берешегін өтеген болатын. Есептен шығарылған өсімпұл сомасы 228,3 млн теңгені құраған еді.
Осы жолы да акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Акцияға қатысу үшін Қордың облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында орналасқан филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты 8-800-80-35-05 телефон нөмірі арқылы білуге болады.
- 08.10.2021
- 362