• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бішкекте Қазақстан өнер шеберлерінің Гала-концерті өтті

 Бішкек қаласында Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Мәдениет күндерінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев пен екі елдің өнер қайраткерлері қатысты.

Келген қонақтарды филармония фойесінде «Арлан Жете» қырғыз ұлттық театры мен еліміздің «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі дәстүрлі музыкаларды орындау арқылы қарсы алды.

Іс-шара басында сөз алған Ақтоты Райымқұлова тарихы терең екі бауырлас халықтың ортақ мәдениеті мен ұзақ жылдарға созылған достығы, әріптестігі тәуелсіздік алғаннан кейін де жоғары деңгейде жалғасып жатқанын атап өтті.

«Тай-құлындай тебіскен ағайынды екі халықтың мәдениеті мен өнері өте ұқсас. Сан саладағы ынтымақтастығымыздың қарқынды дамып келе жатқаның осының айқын айғағы. Мәдени-гуманитарлық байланыстар екі ел арасын байланыстырушы көпір болып, жаңа көкжиектерге жол ашады.

2013 жылы өткен  әлемдік жазушы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған Қазақстандағы Қырғызстанның Мәдениет күндері аясында бір ай бойы қазақстандық  көрермендердің құрметіне түрлі концерттер мен қойылымдар, кинокөрсетілімдер, гастрольдер өткізілді. Енді екі ел үшін 2022 жылы Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері маңызды оқиға болмақ. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтар арасындағы байланысты сақтап, нығайту үшін мәдени іс-шараларды жандандырудың маңызы зор»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Гала-концерт аясында екі елдің мәдениет шеберлері өнер көрсетті. Бұл қатарда Әлібек Дінішев, Қазақстанның Халық әртісі және Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Корозбаев, Мақпал Жүнісова және Нұржамал Үсенбаева, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, «Астана балет» театры, домбырашылар ансамблі, «Арлан» ұлттық дәстүрлер театры, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық тобы, «МузАрт» ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы және Қазақстанның өзге де танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары бар.

  • 13.10.2021
  • 272
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика