• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандағы Ресей Федерациясыгның Мәдениет күндері аясында Гала-концерт өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасындағы Ресейдің Мәдениет күндері аясында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге ресейлік жетекші орындаушылардың қатысуымен Гала-концерт өтті.

Аталған іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуәлиев, МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш қатысты.

Гала-концертте сөз алған Ақтоты Райымқұлова Мәдениет күндерінің басталуымен құттықтап, екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстар барлық бағытта дәйекті түрде дамып келе жатқанын айтты.

«Қазақстандағы Ресей Мәдениеті күндері аясында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен жетекші ресейлік орындаушылардың өнер көрсетуі биыл елімізде жарқын оқиғалардың бірі болары анық. Бүгінгі күні, мәдениет пен руханият екі ел арасындағы достықтың артуының тұғыры іспеттес болып отыр. Мәдени байланыстар бүгінгі достастығымыздың басты ынталандырушы күші. Мәдени байланыстардың дамуының тарихи процесінде, олардың пайда болуынан бастап дамыған заманауи формаларға дейін, сөзсіз үлкен өзара әсер етеді»,- деді Мәдениет және спорт министрі.

Өз кезегінде Ольга Ярилова осы аптада өтетін іс-шаралар екі ел арасындағы қарым-қатынасты, әсіресе мәдениет саласындағы дипломатиялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетінін айтты. Сонымен қатар екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты дамыту мен нығайту жолында бірлесіп іс-шаралар өткізуге дайын екендігін жеткізіп, жиналған қонақтармен өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Гала-концерттің дирижері – Солтүстік Осетия Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Заурбек Гугкаев болды. Іс-шарада Анна Аглатова (сопрано), Владислав Куприянов (баритон), Владимир Магомадов (контратенор), Константин Емельянов (фортепиано), Александр Рамм (виолончель), Гайк Казазян (скрипка), Анастасия Тюрина (балалайка), ал елімізден «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев (тенор) пен халықаралық байқаулардың лауреаты Татьяна Вицинская (меццо-сопрано) өнер көрсетті.

Гала-концертте көрермендер назарына орыс композиторларының операларынан белгілі ариялар, романстар мен заманауи авторлардың шығармалары ұсынылды.

  • 13.10.2021
  • 263
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика