- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Облыс полицейлері 127 көлікке ие болды
Экономиканың негізгі секторлары мен әлеуметтік саланы дамыту үшін материалдық-техникалық базаны жақсарту қажет. Денсаулық сақтау, білім беру, жолаушылар тасымалы және қоғамдық қауіпсіздік салаларына көлік алу үшін қомақты қаржы бөлінуде.
Облыста 8 жылжымалы медициналық кешен мен 38 жаңа реанимобиль алынды. Осылайша, жедел жәрдем станциясы 100% көлікпен қамтамасыз етілді. Мектеп оқушыларына жайлы 60 жаңа автобус сатып алынды.
Облыс орталығының бағыттарына жаңа автобустар шықты,100 бірлік техника алынды. Құтқарушылар 27 өрт сөндіру және құтқару техникасымен жабдықталды.
Бүгін полицейлер жаңа көліктерге ие болды. Биылдың өзінде тәртіп сақшыларының паркі 127 машинамен толықты. Жалпы полицияның көлікпен қамтамасыз етілуі 90 % жетті.
- 14.10.2021
- 232