• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Министр ұлттық мектеп спорт лигасының ашылуына қатысты

Бүгін елордадағы Binom education мектебінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық мектеп спорт лигасының салтанатты ашылуына қатысты.

Әуелі министрлер мектеп жетекшісіменн бірге оқу орнымен танысты. Осыдан кейін лиганың ашылыуында сөз сөйлеп, білімгерлерге сәттілік тіледі.

Ақтоты Райымқұлова биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан дәстүрлі бәсекенің бұқаралық спортты дамытуда, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырудағы алар орны ерекше екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше тоқталып өтеді. Ел арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмысты ұдайы назарда ұстап, тапсырма беріп отырады. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі бағытының бірі мектеп спорты. Осы ретте дәл осындай мектеп лигаларын ұйымдастырудың арқасында жасөспірімдер спорты дамып жатқанын атап өткім келеді. Жалпы мектеп лигасын өткізудің қоғам үшін пайдасы көп. Аталған лигалар өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуға жағдай жасайды. Суицид, есірткі және балалар арасындағы қылмыс сынды көптеген әлеуметтік мәселенің тамырына балта шабуға мүмкіндік береді. Қазір орта мектептерде түрлі спорт түрінен секциялардың саны арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінде еліміз бойынша осындай 45 мыңнан астам секцияда 900 мыңға жуық мектеп жасындағы бала спортпен шұғылданады»,-деді Мәдениет және спорт министрі.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова елімізде бұрыннан жылдам қимылға құрылған спорт түрлеріне қызығушылық жоғары екенін, осындай лигалардан шыққан талай шебер халықаралық чемпионаттарда табысты өнер көрсетіп, Қазақстанда бұқаралық спорттың жолға қойылғанын паш етіп келе жатқанын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара соңында Ақтоты Райымқұлова мен Асхат Аймағамбетов волейбол, асық ату сынды спорт түрінен алғашқы жарысты тамашалады.

Біздің анықтама:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» №549 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарында спорт түрлерінен лигалар өткізіліп келеді.

Мектеп лигалары арасындағы жарыс 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырлады.

Ұлттық мектеп лигасы кезеңдер бойынша өткізіледі:

1) жыл сайын қыркүйек пен қазан аралығында білім беру ұйымы өткізетін іріктеу кезеңі;

2) өңірлік ұйымдастыру комитеті жыл сайын келесі жылдың қарашасынан сәуіріне дейін өткізетін аудандық кезең;

3) облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары жыл сайын сәуір айында өңірлік ұйымдастыру комитеті өткізетін кезең;

4) республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – республикалық комитет) жыл сайын мамыр–маусымда өткізетін республикалық кезең.

2018 жылы ұлттық мектеп лигасы спорттың 8 түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, футзал, гандбол, теннис, жеңіл атлетика, ұлттық спорт түрлері) өтті.

I кезең – мектепішілік жарыстар (2017 ж. қазан - желтоқсан) - 1 342 123 оқушы қатысты;

II кезең – аудандық (қалалық) жарыстар (2018 ж. ақпан-сәуір) 300 000 оқушы қатысты;

III кезең – облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары (2018 ж. сәуір - мамыр) 10 000 оқушы;

IV кезең – республикалық жарыстар (2018 ж. мамыр-тамыз), оған 1638 қатысушы / 118 команда қатысты.

Биыл ұлттық мектеп лигасы спорттың 9 түрінен (волейбол, баскетбол, футбол, футзал, гандбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас, президенттік көпсайыс) 48 жарыс өткізіліп, оған 4244 оқушы мен 472 команда қатысты.

  • 15.10.2021
  • 267
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика