• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Халықаралық конференция

2021 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының делегациясы - директор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Р.Қ. Сәрпеков пен ғылыми хатшы Е.А. Дүйсенов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов Майдан Күнтуарұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Қоғамдық қатынастардың өзгеру дәуіріндегі азаматтық құқық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (жыл сайынғы цивилистикалық оқылымдар шеңберінде) қатысты.

Ауқымды іс-шараны бірлесіп ұйымдастырушылар - Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ), «Заңгер» заң фирмасы, Қазақстандық Халықаралық Арбитраж және «Алматының цивилистері» Заң консультанттары палатасы.

Конференцияны Каспий қоғамдық университетінің ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Ж.М. Нүсенов ашты.

Конференцияның ашылу күні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Мәми, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Р.Қ. Сәрпеков құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың алғыс хаты мен төсбелгісін табыс етті, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әділет министрі мен Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры атынан құттықтау хатын оқып берді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Т. Таймерденов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор З.Х. Баймолдина, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» жобасының жетекшісі Йорг Пуделька (Германия) құттықтау сөз сөйледі.

Бұдан әрі Р.Қ. Сәрпеков, М.К. Сүлейменовтің мерейтойына арналған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Хабаршысының арнайы шығарылымын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру бойынша әзірленген заңнамалық түзетулерді табыс етті.

Сондай-ақ, Р.Қ. Сәрпеков конференцияға қатысушыларды Майдан Күнтуарұлының құрметіне өткізілген челлендж туралы хабардар етті. Челлендж ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында өтті.

Конференцияның бірінші күні Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ҒЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы «Қоғамдық қатынастардың өзгеру дәуіріндегі Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» және Бремен университетінің профессоры, Каспий қоғамдық университетінің құрметті профессоры, құқық докторы Рольф Книпер (Германия) «Жіктеу және ажырату: Майдан Күнтуарұлы Сүлейменовтың 80 жылдығына» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Конференция барысында Р.Қ. Сәрпеков профессор А.Г. Диденкомен, профессор К.М. Ильясовамен, профессор С.П. Морозбен Қазақстанның азаматтық заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады, заң жобалары мен халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасының моделін ұсынды.

Екі күн бойы конференцияда отандық ғалымдардың да, Украина, Греция, Ресей, Грузия, Германия, Беларусь, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан ғалымдарының да ғылыми хабарламалары тыңдалды. Конференцияға қатысушылардың өкілдігі және олардың сөйлеген сөздерінің мазмұндылығы байқалды.

Халықаралық конференция жұмысының және қатысушылардың сөйлеген сөздерінің бейнежазбасын ұйымдастырушы ашық түрде орналастырды.

  • 16.10.2021
  • 513
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

Сәрпеков Р.Қ.
(Мұрағат)

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика