- Блогтар
- Иманашев Дархан Серікұлы
Иманашев Дархан Серікұлы
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
Ақтөбе облыстық филиалына кезекті қызметтік іс-сапарым

Қайырлы күн, құрметті достар!

Мен бүгін кезекті іс-сапармен Ақтөбе облыстық филиалына келдім. Бұл жолы Республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы (Астраханьға) учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексердім.

Бұл жерде қазір 4 мердігерлік ұйымдар жұмыс жасап жатыр. Техникалық қадағалауды ZS Engineering LLP (Қазақстан) Субконсультантымен бірге DONGSUNG Engineering C., LTD (Корея) компаниясы жүзеге асырады. 903 адам, 537 техника жұмылдырылған. 8 қосалқы мердігерлік ұйым тартылған.

Құрылыс жұмыстарынан кейін, аталған автомобиль жолы Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына кіреберіске дейін III санаттан 4 жолақты қозғалысы бар I-б санатына ауыстырылатын болады. (77,8 шақырым) және II санаттағы 2 жолақты қозғалыспен Қандыағаш қаласын айналып өтіп, Атырау облысының шекарасына дейін (250,8 шақырым).

Сондай-ақ, 20 дана көпір құрылыстары, 73 дана су өткізу құбырлары салынады. Жолдың осы учаскелеріне қызмет көрсету үшін жол-пайдалану басқармасы мен жол-пайдалану пункті орналастырылады.

Жұмыс қарқынын тексеріп, учаскелерде білікті мамандар мен техниканың қажетті санын арттыруды тапсырдым.

Жұмыстардың сапасы мен қабылдануына, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын алдағы қысқы күтіп-ұстауға уақтылы дайындықты күшейтуді бұйырдым.

- 18.10.2021
- 325