- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.А.Құл-Мұхаммедтің ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысындағы баяндамасының тезистері
Құрметті депутаттар!
Өздеріңізге белгілі, БАҚ саласындағы заңнаманы реформалау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Елбасы Парламенттің екінші сессиясын ашу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары саласын одан әрі ырықтандырудың және артық төрешілдік кедергілерді алып тастаудың маңыздылығын атап өтті.
Заң жобаны әзірлеу барысында көптеген журналистік қауымдастықтың, құқық қорғау ұйымдарының және эксперттік қауымдастықтың пікірлері ескерілді.
Осы ретте депутаттық корпустың белсенді рөлін атап өткім келеді және ақпарат саласының проблемаларына сіздердің шынайы ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Заң жобасына депутаттардың 25 –тен астам талқыланған ұсыныстарынан 17 түзету енгізілді. Сондықтан заң жобаны біздің сіздермен бірлескен жұмысымыздың нәтижесі деп атауға болады. Ал енді, заң жобасының басты ұстанымдарына тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
Біріншіден. Заң жобасы баспасөз және электрондық БАҚ-тар үшін артық әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.
Атап айтқанда, «БАҚ туралы» Заңның 10-бабының ұсынылған редакциясы телерадиохабартарату ұйымдары үшін есепке қоюды алып тастауды көздейді. Қазіргі кезде радио, - және телеарналар иелері «Лицензиялау туралы» Заңға сәйкес лицензия алудан басқа, «БАҚ туралы» Заңға сәйкес есепке қою рәсімін өтуі қажет.
«БАҚ туралы» Заңның 10-бабының 6-тармағына және Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 342-бабы 4-тармағына түзетулер мерзімді баспасөз құралдары мен ақпарат агенттіктері үшін бас редакторы мен редакцияның мекен-жайы ауысқан жағдайда қайта тіркеуден өту міндетін алып тастауды көздейді. Аталған түзету жаңадан құрылған мерзімді баспасөз құралдары мен ақпарат агенттіктерінің қызметін айтарлықтай жеңілдетеді.
Екіншіден. Әзірленген заң жобасы журналистердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталған.
Заң жобасы ұсынып отырған «БАҚ туралы» Заңның 21-бабы 4-1-тармақшасын алып тастау журналистің сұхбат жүргізу кезінде бейне- және дыбысжазбаны пайдалануға рұқсат алу міндетін жоюға бағытталған. Журналистің жұмысы жария түсірілімдер және сұхбат жүргізумен байланысты екендігі баршаға белгілі нәрсе. Ал, қолданыстағы заңнамада көзделген әрдайым рұқсат алу қажеттігі репортердің жұмысын айтарлықтай қиындатады.
«БАҚ туралы» Заңның 19-бабы 1-тармағына және Азаматтық кодекстің 143-бабына түзету сотта теріске шығару жөніндегі істерді қарау кезінде талапкер мен жауапкердің ұстанымдарын теңестіру мақсатында енгізіледі. Заң жобасының ұсынылып отырған нормасы журналистердің заңмен толыққанды қорғалуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта, егер репортерден сот тәртібімен жарияланған материалдарды теріске шығару талап етілсе, ол алдын ала кінәлі деп саналады. Журналист өз ақпаратының шынайылығын дәлелдеуге тиіс. Бұл, егер басқа тұлғалар айтқан пікірлерге қатысты болса, әрдайым мүмкін бола бермейді. Ұсынылған түзетулер сотта тараптардың тең дәрежедегі бәсекелестігін қамтамасыз етеді.
Үшіншіден. Қолданыстағы заңнаманың сыбайлас жемқорлық мәніне жүргізілген талдаудың барысында Әділет министрлігі әртүрлі мағынада түсіндірілетін бір қатар нормаларды анықтаған болатын. Аталған заң жобасымен заңдық-лингвистикалық сыбайлас жемқорлық факторын алып тастау мақсатында редакциялық түзетулер енгізіледі.
Мысалы, 18-баптың 3-тармағына сәйкес БАҚ өкілдері мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар сұратылған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда алдымен қызметі жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, содан кейін ғана сотқа жүгінуге міндетті. Алайда, сотқа өтініш беру және оны соттың қарауына қабылдау үшін жоғары тұрған органға алдын ала өтініш беру міндетті шарт болып табылмайды. Осыған байланысты заң жобасымен бұл коллизия алынып тасталды.
Төртіншіден. Заң жобасымен ұсынылып отырған Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 350-бабының редакциясы таралымды міндетті тәркілеуді алып тастауға және оны тек жазаның балама түрі ретінде қолдануға бағытталған. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 350-бабының қолданыстағы редакциясында мерзiмдi баспасөз басылымдарын шығарылым деректерiнсiз шығарғаны үшін таралымы міндетті түрде тәркiлене отырып, әкімшілік айыппұл салу қарастырылған. Бұл түзету әкімшілік жазалау шараларының жасалған құқық бұзушылықтың сипатына және жағдайына өлшемдестігі мен әділдік қағидатына сәйкес келеді.
Бесіншіден, «БАҚ туралы» ҚР Заңының 3-бабына мемлекеттік тілдегі теледидар және радио хабарларын тәуліктік эфир бойында тең тарату туралы түзету енгізіледі. Бұл норма бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдану аясын кеңейту мақсатында қажет.
Сөзімнің соңында, «БАҚ туралы» ҚР Заңына бұрын енгізілген барлық өзгерістер тек шектеуді және артық регламенттеуді ғана қамтып келгендігін атап өткім келеді. Біз бұқаралық ақпарат құралдары саласын ырықтандыруға шынымен бағытталған заң жобасын алғаш рет қарастырып отырмыз. Аталған Заң жобасын қабылдаудың ұлттық ақпараттық кеңістікті одан әрі дамыту үшін түбегейлі маңызы бар.
Назарларыңызға рахмет.
Уважаемые депутаты!
Как вы знаете, реформу законодательства в области СМИ инициировал Президент РК Нурсултан Назарбаев. Выступая на открытии второй сессии Парламента, Глава государства отметил важность дальнейшей либерализации в медиа-сфере и устранения излишних бюрократических барьеров.
В ходе работы над законопроектом учитывались мнения многих журналистских и правозащитных организаций, экспертного сообщества.
Хотел бы отметить активную роль депутатского корпуса и выразить благодарность за ваш искренний интерес к проблемам информационной сферы. В законопроект были включены 17 поправок из более чем 25 обсужденных предложений депутатов. Поэтому данный законопроект вполне можно назвать результатом нашего с вами совместного труда.
Позвольте остановиться на ключевых позициях законопроекта.
Во-первых. Законопроект направлен на устранение административных барьеров для печатных и электронных СМИ.
Предлагаемая редакция статьи 10 Закона «О СМИ» предполагает отмену постановки на учет для телерадиовещательных организаций. В настоящее время владельцам радио,- и телеканалов помимо получения лицензии согласно Закону «О лицензировании» необходимо проходить процедуру постановки на учет согласно Закону «О СМИ».
Поправки в пункт 6 статьи 10 Закона «О СМИ» и пункт 4 статьи 342 Кодекса об административных правонарушениях предусматривают для печатных СМИ и информационных агентств отмену переучета в случаях смены адреса редакции и редактора. Данная поправка существенно облегчит деятельность вновь созданных периодических печатных изданий и информационных агентств.
Во-вторых. Разработанный законопроект направлен на защиту прав и профессиональных интересов журналистов.
Предлагаемое законопроектом исключение подпункта 4-1 статьи 21 Закона «О СМИ» направлено на устранение обязанности журналиста получать разрешение на использование аудио- или видеозаписи при проведении интервью. Общеизвестно, что работа журналиста связана с проведением публичных съемок, интервью. И необходимость постоянно получать разрешение, предусмотренная действующим законодательством, существенно затрудняла работу репортеров.
Поправка в пункт 1 статьи 19 Закона «О СМИ» и статью 143 Гражданского Кодекса вносится с целью уравнять позиции истца и ответчика при рассмотрении в суде дел об опровержении. Предлагаемая норма законопроекта обеспечит журналистам полноценную юридическую защиту. В настоящее время, если от репортера в судебном порядке требуют опровержения опубликованных материалов, он считается заведомо виновным. Журналист должен доказывать правдивость своей информации. Это не всегда возможно, если речь идет о высказываниях других лиц. Предлагаемые поправки обеспечивают равную состязательность сторон в суде.
В-третьих. В ходе анализа действующего законодательства на предмет коррупциогенности Министерством юстиции был выявлен ряд норм, имеющих неоднозначное толкование. Данным законопроектом вносятся редакционные поправки в целях исключения фактора юридико-лингвистической коррупциогенности.
К примеру, согласно пункту 3 статьи 18 представители СМИ сначала обязаны обратиться к вышестоящему должностному лицу и только после этого могут обратиться в суд для обжалования отказа государственных органов и должностных лиц в предоставлении запрашиваемых сведений. Однако, предварительное обращение в вышестоящие органы не является обязательным условием для предъявления заявления в суд и принятия его судом к рассмотрению. В этой связи законопроектом устраняется данная коллизия.
В-четвертых. Предлагаемая законопроектом редакция статьи 350 Кодекса об административных правонарушениях направлена на исключение обязательной конфискации тиража и применение ее только как альтернативного вида наказания. Действующая редакция статьи 350 Кодекса об административных правонарушениях за выход печатного периодического издания без выходных данных предусматривает административный штраф с обязательной конфискацией тиража. Данная поправка соответствует принципу справедливости и соизмеримости мер административного взыскания с характером и условиями совершенного правонарушения.
В-пятых. В статью 3 Закона РК «О СМИ» вносится поправка о равномерном вещании телевизионных и радиопередач на государственном языке в течение суточного эфира. Данная норма необходима в целях расширения сферы применения и развития государственного языка в средствах массовой информации.
В заключение хотел бы отметить, что все прошлые изменения, вносимые в Закон РК «О СМИ» несли в себе только ограничения и излишнюю регламентацию. Впервые мы рассматриваем законопроект, который действительно направлен на либерализацию в сфере средств массовой информации. Принятие данного проекта Закона будет иметь принципиальное значение для дальнейшего развития национального информационного пространства.
Благодарю за внимание.
>
- 24.01.2009
- 14327