• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Gate city серіктес қаласының болашағы зор

Gate city серіктес қаласының болашақтағы дамуы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Кездесуге «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ, «Алатау» АҚ, «BI GROUP» холдингінің өкілдері, тиісті басқарма, департаменттердің басшылары қатысты. Атап айтқанда, жиында серіктес қаланың бас жоспарын өзгерту, оның аумағында тұрғын үйлер салу және инфрақұрылымды дамыту мәселелері кеңінен сөз болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Л. Тұрлашов алдымен «BI GROUP» холдингі өкілдеріне сөз берді. Еске салсақ, биылғы жылдың тамыз айында облыс әкімдігі мен холдинг арасында Gate city серіктес қаласындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысы туралы меморандум жасалған болатын. Мұнда 450 мың шаршы метр тұрғын үй, бірнеше мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, сол сияқты саябақтар мен скверлер салу жоспарланған.

«BI Development Almaty» бас директоры Айдос Мұқатаевтың айтуынша, тұрғын үй кешені 36 га жерде орналасады. Қазіргі кезеңде жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, геологиясы зерттелуде, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. Инвестор компанияны инженерлік желілерді Іле ауданы әкімдігінің балансына беру мәселесі алаңдатқан, себебі содан кейін ғана болашақ үйлерді желілерге қосуға мүмкіндік туады. Сол сияқты А. Мұқатаев компания облыспен барлық мүмкін болған бағыттарда ынтымақтастық байланысын кеңейтуді құп көретінін де жеткізді.

«Алатау» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Тұтұбаевтың айтуынша, Gate city инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 84,5 км құрайды. Олардың барлығы салынып, іске қосылған. Бұл жұмыстарға 36 млрд. теңге қаржы жұмсалған. Соның ішінде – 25 км су желісі, 16 км электр желісі, 12,5 км жылу жүйелері, 10,2 км газ желісі және 18,3 км су тарту желісі. Қазіргі кезде олардың бәрін Іле ауданы әкімдігінің балансына өткізу-қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 21 нысан берілуі тиіс болса, бүгінгі күнге соның 3-еуі толық өткізіліп болған. Бұлар – Көкпа-1 қосалқы электр стансасы, қуаты тәулігіне 2 мың текше метрлік «Ынтымақ» бастоғаны және өндіру қуаты сағатына 35 мың м3 болатын автоматты газ тарату стансасы. Қарашаның соңына дейін бұл жұмыс толық аяқталады, яғни келесі жылыту маусымы басталғанға дейін барлық желілерге жүктеме беріледі.

Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Темерлан Бектасовтың сөзіне сүйенсек, серіктес қаланың бас жоспарына Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес түзетулер енгізіліп жатыр. Жоспар бойынша оның жалпы аумағы 2370 га, халқының саны 95 мың адам болмақ. ЖСҚ әзірлеу, 900 орынды мектеп пен 280 орынға арналған балабақшаның және 250 орынға лайықталған емхананың құрылысына қажетті жерлерді анықтап, белгілеу жұмыстары аяқталды.

Бас жоспарды түзетумен айналысып жатқан «ГРАДО» Жобалау фирмасы» ЖШС бас директоры Аркинжан Маметов бас жоспарға Gate city аумағында тұрғын және рекреациялық аумақ және әлеуметтік нысандар салу жөніндегі инвестициялық ұсыныстарға байланысты енгізіліп жатқанын айтты. Оның аумағында қаланы Қапшағаймен жалғастыратын метрополитен, жеңіл рельсті көлік трассасы төселеді деп жоспарланған. Жалпы бас жоспарда Алматы қаласына жақын аумақтардың дамуы назарға алынып, оның барлық ұсақ-түйегіне дейін ескерілді. 

Сөз сөйлегендердің бәрін тыңдап болғаннан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов:

- Бірінші кезекте серіктес қаланың бас жоспарына тиісті түзетулерді толық енгізіп, бекітіп алуымыз керек. «BI GROUP» холдингінің өкілдері, сіздер өздеріңізге бөлініп берілген жерлерге салынатын құрылыстардың егжей-тегжейлі жоспарын тездетіп бізге ұсыныңыздар. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бұл мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында, - деді Л. Тұрлашов.

Сонымен бірге жиын барысында «BI GROUP» холдингінің еншілес компаниясының өкілі Адат Әділхан Алматы облысында модульді блок шығаратын «ModeX» зауытын салу мүмкіндіктері туралы айтты. Оны Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриалды аймағында орналастыру жоспарланып отыр. Модульді блоктар мерзімінде өндірілген жағдайда шудан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, бір тәулікте көп қабатты үйдің бірінші қабатын жинақтауға болады. Сөйтіп 16 қабатты ғимаратты 2-3 аптада тұрғызуға болады. Мұндай құрылыстар қазір Жапонияда қарқынды дамыған, жалпы озық халықаралық тәжірибе болып саналады. Модульді блоктарды қолдану көп қабатты үйлер мен жеке коттедждерді салуда ғана емес, шағын жинақты мектептер мен емханалар құрылысында да қолайлы. Осындай алғашқы көп қабатты үй астанада салынған болатын.

  • 18.10.2021
  • 291
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика