• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бақанаста жаңа спорт кешені іске қосылды

Алматы облысы Бақанас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Бұл - Алматы облысында пайдалануға берілген 13-ші спорттық кешен. Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов, даңқты спортшылар Ұлан Рысқұл, Дамир Күзембаев, Дәурен Жұмағазиев, белгілі спортшы әрі облыстық басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев және аудан жұртшылығы қатысты.

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасы мен Президенттің тапсырмаларына сәйкес облыста халықтың әл-ауқатын арттыруға, бұқаралық спортты дамытуға жасалып отырған жағдайларға қысқаша тоқталып өтті.

- Балқаш ауданы  - облыстың бір қиырында жатқан шалғай аудан. Біз осы ауданға үнемі ерекше көңіл бөліп келеміз. Бақанасқа табиғи газ жеткіздік. Газ тарату жүйесі салынып, қазіргі кезде елді мекендерде ауыл ішілік желілер жүргізілуде. Бұрын ешкім шалғайдағы Бақанасқа газ келеді деп ойламаған еді. Бүгінгі күні бұл іс жүзеге асты. Өз кезегінде газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтереді. Ауданда кезектегі азаматтарға, көп балалыларға, мамандарға беру үшін тұрғын үйлерді де көптеп салып жатырмыз. «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында абаттандыру жұмыстарына қаржы бөліп, көркейту шаралары атқарылуда. Бүгін, міне, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашып, балалардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік жасалып отыр. Бұл облыста соңғы жылдары салынып, іске қосылған 13-ші кешен. Тағы 4-еуінің құрылысы аяқталуға жақын. Осы жерден  күні ертең мықты спортшылар шығады деп сенемін, - дей келе, балаларды жарыстарға тасымалдайтын жаңа Газель автокөлігінің кілтін спорт мектебіне сыйға тартты.

Сол сияқты Алматы облыстық мәслихат депутаты, «Агрофирма Бірлік» ЖШС директоры, спорттың жанашыры, меценат Әбдіжаппар Қыстаубаев та көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

Кешенінің құрылысын салған «Капстройгрупп-Т» ЖШС бас директоры Болат Ишназаров ғимараттың кілтін жаңа спорт нысанының директоры Хамит Сембаевқа тапсырып, музыкалық орталық сыйға тартты.

Мұнан соң көпшілік кешеннің ішін аралап, волейбол, күрес, бокс, тренажерлық залдарда, даладағы баскетбол, футбол алаңдарында болды. Жаттығып жатқан балалармен тілдесіп, оларға спорттық киімдер мен ойын доптарын сыйлады.

Жалпы Бақанастағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Оны салуға 1 млрд. 102 млн. теңге жұмсалды. Жалпы ауданы 4 257 шаршы метр болатын ғимаратта  күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол, теннис сияқты спорт түрлеріне баулуға барлық жағдай жасалған, тиісті спорттық құралдармен толық жабдықталған.

Мұнан соң облыс әкімі Амандық Баталов күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан аудандық аурухана ғимаратының хал-ахуалымен танысты. 2019 жылы келген сапарында аурухананың тозығы жеткен апатты жағдайын көрген облыс басшысы ғимаратты толықтай қайта жаңғырту керек деген шешім қабылдаған болатын. Кейінгі 30 жылда жөндеу көрмей, әбден ескірген нысан бүгін жаңа кейіпке енген. Ғимараттың жаңғыртылуы жайлы «Нұр Шапағат Құрылыс» ЖШС өкілдері қысқаша баяндап, ішін жөндеу жұмыстарын көрсетті. Бұған дейін қабырға кірпіштерінің тозғаны соншалық оны тек сылақ қана ұстап тұрған болса, қазір қабырғалары жаңарып қана қоймай, сейсмикалық жағынан күшейтіліп, сылақтың ішінен арматураланып,  екі жағынан да мықты темір тормен қапталып, нығайту жұмыстары сапалы жүргізілуде. Облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан қайта пайдалануға берілген соң жаңа аурухананың медициналық құрал-жабдықтары да толық жаңаланатынын айтты.

- Біз коронавируспен күрес шараларына, соның ішінде барлық медициналық нысандардың  материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 14 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсадық. Індетпен күрес кезінде 17 ауруханаға оттегі стансасын салдық, қажетті аппараттар сатып алдық. Балқаш ауданы облыс орталығынан да, Алматыдан да біршама алыс жатыр. Сондықтан мұнда сырқаттарды сыртқа жіберіп әуре болмай осы жерден емдей алатын жағдай жасауымыз керек. Аурухананы сондай мақсатпен толықтай қайта жаңғыртудан өткізіп жатырмыз. Құрылыс жұмыстары аяқталғанда медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілетін болады, - деді А. Баталов.

Атап өтсек, аудандық аурухананың жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қыркүйек айынан басталды. Мұндағы  тәуліктік  стационары  - 1010 төсектік, күндізгі стационары - 20 төсектік. Ауруханада 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 48-і – дәрігер, 184-і - орта буын медицина қызметкерлері, 78-і - басқа да жұмысшылар. Әзірге олар уақытша басқа ғимаратта қызмет көрсетіп отыр. Белгіленген жоспар бойынша ғимараттың жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталғанда, аурухана қолданысқа толық дайын болмақ. 

  • 22.10.2021
  • 267
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика