- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Резервтегі қызмет заңы жобасының тұжырымдамасы қоғам талқылауында
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Қазіргі уақытта құжаттың жобасы қоғам талқылауында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12363777.
Заң жобасын әзірлеу жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігінен туындап отыр. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дайын жұмылдыру резервінің болуы Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Резервте әскери қызмет құру бейбіт уақытта Қарулы Күштерді ұлғайтпай, әскери міндеттілердің белгілі бір санын алуға мүмкіндік береді. Резервтегілер соғыс уақытының, табиғи және техногендік сипаттағы әскери, не төтенше жағдайдың бастапқы кезеңіндегі міндеттерді орындауға дайын болулары тиіс.
Азаматтар үш жыл мерзімге резервте қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасып, қызметті негізгі жұмысымен қоса атқара алады.
Резервтегілерді даярлау ұзақтығы бір айға дейінгі ай сайынғы екі күндік сабақтар мен жиындар түрінде жылына 60 күннен аспайтын мерзімде өткізілетін болады. Сабақтарда және оқу-жаттығуларда болған уақыты әскери қызметтегі еңбек сіңірген жылдарының жалпы мерзіміне кіреді. Әскери бөлімдер азаматтарды әскери киіммен, тұратын казармамен және тамақпен қамтамасыз етеді.
Резервтегілерге қару мен жауынгерлік техника бекітіледі. Бұдан басқа, оларға ең төменгі жалақы мөлшерінде, ал жиындар мен оқу-жаттығулар өткізу кезеңінде – резервтегінің орташа жалақысы мөлшерінде ақшалай төлемдер беріледі.
- 22.10.2021
- 222