• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәдениет және спорт министрі Германияда тұрып жатқан отандастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова шет елдердегі қандастарымыздың тарихи отаны – Қазақстанмен байланысын қолдау мақсатында Германияда тұрып жатқан отандастармен кездесті.

«Шет елдердегі қазақ мәдени ұйымдарына қолдау көрсетіп, бірлескен жобаларды іске асыру үшін «Абай үйі» қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр. Бүгін Берлин қаласында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткіші ресми ашылып жатыр.

Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Абай мұрасын Германияда танытуда Сіздердің де үлестеріңіз зор деп білемін.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап шетелдердегі этникалық қазақтарды атамекенге көшіруге барынша қолдау көрсетіп жатыр. Жақында ғана Ауғанстаннан 35 қандасымызды елге алып келіп, орналастырдық. Қазақстанда қандастардың құжаттарын қабылдау бойынша арнайы Бағдарлама қабылданып, оған сәйкес, азаматтық беру тәртібі, құжаттарды қарау мерзімі 6 айдан 3 айға дейін қысқарады. Ең бастысы қандастар бірнеше мекемеге емес, бір орталыққа (Халыққа қызмет көрсету орталығы) құжат тапсыратын болады.

Бұдан бөлек, шетелде тұратын қазақ жастарын еліміздің ең үздік оқу орындарына тарту бағытында 4 пайыздық квота бөлініп отыр. Бұл жоғары оқу орындарына, дайындық бөлімдеріне түсуге, арнайы стипендиямен магистратура, докторантурада білім алуға мүмкіндік береді. Осы ретте бұл мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.

Сондай-ақ шет елдердегі қандастарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Отандастар қоры» орталығы жұмыс істейді. Орталықта қандастармен түрлі салада байланыс орнатудан бастап, елге келген ағайынға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Аталған қор елге оралған қандастарға консультативті-құқықтық және ақпаратты-талдамалы қолдау көрсетеді.

Бүгінде «Отандастар қоры» шетелдегі отандастармен тікелей байланыс орнатып, қазақ тілін үйретуді онлайн және офлайн түрде жүргізіп келеді. Шет елдердегі қандастарға қазақ тілін үйрету мақсатында әлемнің 12 елінде 31 онлайн-сынып ашылған.

Сонымен қатар El.kz ақпараттық-танымдық порталында арнайы «Қандастар» айдары бар. Онда шетелдегі қандастардың тұрмысы, жеткен жетістіктері жайлы кең көлемді ақпарат алуға болады.

Бүгінгі кездесу Германиядағы қазақ диаспорасымен өзара мәдени байланысты кеңейтіп, қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп үміттенемін. Біз өз тарапымыздан шет елдердегі қазақ қауымдастықтарына қашанда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», -деді Ақтоты Райымқұлова.

Біздің анықтама: Германиядағы қазақ диаспорасы – 1000-нан астам адам: олардың ішінде Кельнде 500-ге жуық адам, Мюнхенде – 400-ге жуық адам, Берлинде 110-нан астам, Гамбургте – 34, Майнцте 11, Майндағы Франкфуртте 7, Хайдельбергте 7 адам тұрады.

  • 26.10.2021
  • 288
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика