- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Запастағы офицерлерді екі жылға әскерге шақырады
Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған құжат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңының 32-ші бабына сәйкес әзірленді.
2022 жылы әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы 190 офицер Қарулы Күштердің офицерлік құрамы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін екі жыл мерзімге әскерге шақырылатын болады.
Осы құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 8 қарашаға дейін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12464626 сілтемесі арқылы танысуға болады.
- 26.10.2021
- 228