• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

26 қазанда Орал қаласында «Uralsk Green Forum» (UGF) Халықаралық экологиялық форумы өтті.

Осымен төртінші жыл ұйымдастырылған аталмыш форумда облыстағы қалдықтарды басқару саласындағы маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ өңірдегі қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі нмен «жасыл» бизнесті дамытудың жай-жапсары айтылды. «Ecojer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының бас директоры, модератор Рүстем Қабжановтың сөзінше, бұл форумда көптеген адамды, қоғам белсенділерін қызықтыратын мәселелер көтеріледі. «Заң актілерін, нормативтік құжаттар дайындауға тікелей қатысатын мемлекеттік құрылымдар да мұндай форумдарда талқыланатын проблемаларды үнемі бақылап отырады. Сондықтан мұндай ауқымды іс-шараны өте өзекті деп ойлаймын. КПО компаниясы ұйымдастыратын бұл форумға облыс әкімдігі үнемі қолдау көрсетіп келеді», - деп атап өтті модератор.
- Бүгінге дейін ата-бабамыздан қалған жерді қорғау жөнінде айтқанда ел іргесінің берік, шекарасының мығым болуын айтып келдік. Соңғы кездері қазіргі заманның жаңа сын-қатері шығып отыр. Бұл – экология мәселесі. Ендігі жерде топырағымыз құнарлы, суымыз мөлдір, ауамыз таза болуына баса мән беруіміз керек. Бүгінгі форумның басты мақсаты - осы мәселеге тағы да бір назар аудару және нақты істермен қолдау білдіру. Біз еліміздегі өзге өңірлер арасында өте таза аймақ болып қалғымыз келсе, табиғатымызды барынша қорғауымыз керек, - деген облыс әкімі Ғали Есқалиев форумды ұйымдастырған КПО компаниясының басшылығына алғысын білдірді.
Сондай-ақ кәсіпкерлерді қалдықтарды басқаруға шақырып, экологияны таза ұстауға бағытталған жобаларға облыс әкімдігі қашан да қолдау білдіретін айтты.

Ал КПО б.в. бас директоры Джанкарло Рую экологиялық форумды ұйымдастыру игі дәстүрге айналып кеткенін атап өтті. Сарапшылар мен ғалымдардың басын қосып, бизнес пен қоғам белсенділерін біріктіріп, экологиялық өзекті мәселелер талқыланатын форум төртінші жыл қатарынан өтіп отыр.
«Экологиялық жауапкершілік – КПО-ның корпоративтік саясатының ажырамас бөлігі. Біз өз қызметімізді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін тиімді, сенімді және қауіпсіз өндіріс, әлеуметтік және экологиялық проблемаларға жауапкершілікпен қарау негізінде жүзеге асырамыз. UGF экологиялық форумы қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың жаңа принциптерін, өңірдегі «жасыл» инвестицияларды дамыту мәселелерін талқылайтын мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңын ұсынады», - деді Д. Рую.

Келесі кезекте сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абақанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел экологиясы мен қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.
Форум делегаттары аталған форумның тиімділігі жоғары екенін айтты. Eicon компаниясының тұрақты даму бойынша сарапшысы Сергей Цой экологиялық міндеттерді шешу өңірдің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуының негізі екенін алға тартты.

- Қазір елімізде «жасыл» жобалардың классификациясы дайындалуда. Осылайша қандай жобалардың «жасыл» жобаға жататыны анықталады. Сонымен бірге экологиялық кодекстің шеңберінде «жасыл» кередит және «жасыл» облигация ұғымдары енгізілді. Заңнама шеңберінде биылдан бастап осы «жасыл» облигациялар шығарған ұйымдар субсидия алатын болады. Биылғы облигацияның нарықтағы негізгі құны 80 млн долларға дейін жетті. Яғни бір жылдың ішінде облигацияның өсімі 160 рет өсті деп есептеуге болады. Сондықтан бұл механизмнің маңызы зор. Алдағы уақытта Қазақстанда көптеген «жасыл» облигациялар болады деген сенім бар, - дейді Астана халықаралық қаржы орталығы жасыл қаржы орталығының бизнест дамыту бойынша басқарушы директоры Манас Гиждуаниев.
Форум аясында облыс бойынша қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың арнайы көрмесі өтті. Мәселен, «Dream House Construction Group» компаниясы былтырдан бері арболитті блок өндірісімен айналысады. Кәсіпорын басшысы Мирас Рамазановтың сөзінше, арболит блок 90 пайыз ағаш үгінділерінен тұрады. Айына 180-200 текше метр дайын өнім шығарады.

  • 01.11.2021
  • 317
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика