• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына арналған Халықаралық айтыс басталды

Талдықорғанда, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай "Төгейін жырды халқыма"  атты Халықаралық айтыс өтті. Еліміздің аузымен құс тістеген ақындарымен қатар Қырғыз елінің төкпе айтыскерлері арнайы келді. Айтысты құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімі Амандық Баталов Қырғыз делегациясына қош келдіңіздер деп, ыстық ықыласпен қарсы алды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Бұл - халықаралық айтыс Алатауды жағалай қоныстанған екі ел арасындағы ғасырдан жалғасып келе жатқан қасиетті өнерге деген құрмет. Бұл - кешегі Сүйінбай мен Тоқтағұл,  Жамбыл мен Қатағаннан қалған мәңгі сыйластық. Бүгінгі айтыста Жамбыл баба өнерінің жаңа қырлары жырланып,  айтыскерлер достықты ту етеді деп сенемін. Осы айтысқа Қырғыз елінен Қаныбек Қапашұлы Иманалиев бастап келген қадірлі қонақтарымызға, айтыскер ақындарымызға «қош келдіңіздер» деймін, - деген Амандық Баталов Қаныбек Иманалиевтің иығына шапан жауып, естелік сыйлықтар тарту етті. 

Қонақтар атынан сөз алған Қ.Иманалиев: 

- Қазақ пен қырғызды басқалардан өзгеше ететін өздеріне тән бір биігі бар. Ол - киелі сөз. Біз сөзді байлықтан да,  басқадан да,  тіпті өмірден де биік қоямыз. Қазақ пен қырғыз жылқыға мінгенде,  домбыра мен қомыз тартқанда және айтысқа түскенде арқаланады. Рухани жақындығы мол қос елдің тәуелсіздігі баянды болып,  өнері өрістей берсін,  - деді.

Бұдан әрі ақындар жереби арқылы жұпталып,  сөз сайысы басталды. Айтыс бүгін күні бойы жалғасады. 

Еске салсақ,  Халықаралық айтысқа ел атынан Жандарбек Бұлғақов,  Мұрадым Мирланов, Жалғас Мақсұтов, Айшолпан Тілеутай, Сырым Әуезхан, Қырғыз ақындары Амантай Құтманалиев, Азамат Блогонбаев,  Асылбек Маратов,  Баян Акматов, Кубат Тукешов қатысып жатыр.

Сөз додасына Халықаралық Түркі академиясының президенті, алқа төрағасы Дархан Қыдырәлі, жазушы, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Жұмабай Шаштайұлы, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі,  композитор, публицист, Қырғызстанның халық әртісі Түгөлбай Қазақов,  Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі, айтыс ақыны Айтақын Бұлғақов,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Асыл арна" телеарнасының бас директоры Мұхаметжан Тазабеков, ҚР Мәдениет қайраткері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Серік Қалиев, айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазылық етті.

Айта кетейік, жыр алыбына арналған шаралар алдағы күндері де жалғасып, «Жамбыл ізімен» атты экспедиция Алматы, Тараз, Бішкек, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына шығып, Жамбыл атамыздың есімін ұлықтайтын болады.

  • 08.11.2021
  • 324
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика