• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҚО ӘКІМІ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Кездесуге жастар ұйымдарының, бірлестіктердің өкілдері мен еріктілер қатысты.
Кездесу ашық алаң форматында өтіп, онда әрбір жас өз жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

ҚазИТУ ғылыми-білім беру кешенінің проректоры Закир Хамзин бірінші болып сөз алып, "Bilimdiler dodasy"зияткерлік жобасын ұсынды. Қазақстандағы ең жас проректор "Ақжайық жастарымен" бірлесіп, өңір жастарының эрудициясын дамытуға бағытталған телевизиялық жобаны іске асыруда. Жобаның екінші маусымында аудандық лигаларды құрып, республикалық деңгейге шығуды жоспарлауда.
Облыс әкімі "Ақжайық" телеарнасының эфирінен жоба шығарылымдарын көргенін айтты.
- Бұл жан-жақты дамуға, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған қызықты сұрақтар қойылатын жақсы жоба, - деген өңір басшысы жобаға қолдау көрсетуді қарастыруды тапсырды.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамыту бағдарламасының жастарды қолдау аясындағы шаралар жөнінде "DS dental clinic" стоматологиялық клиникалар желісінің жетекшісі Самат Ихласов айтып берді. Ағымдағы жылы Зачаганск кентінде МӘМС бойынша қызмет көрсетілетін желінің үшінші филиалы ашылды. Бүгінде клиникалар желісі 100-ге жуық тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.
Облыс әкімі облыс тұрғындары үшін маңызды жұмыс жүргізіліп жатқанын және осындай мысалдар біздің жастарды ынталандыратынын атап өтті.
"Назар аудар" театрының жетекшісі және актері Азамат Аленов әлеуметтік роликтермен, қысқа метражды фильмдер туралы ойымен бөлісті және батысқазақстандық көрермен үшін жақында әзіл-сықақ жанрындағы шығармашылық бірлестіктің өнер көрсететінін жариялады.
Өңір басшысы атап өткендей, мұндай бастамаларды қолдау қажет. Өңірде таланттарды шығару үшін барлық жағдайлар жасалуда, оған жақында ашылған "Атамекен"өнер сарайы жарқын мысал бола алады.
"Мастер Дэнстің” жұмысы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және жас орындаушылардың халықаралық жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сағындық Дагаров айтып берді.

Өңір басшысы Жастар ұйымдары мен жастар саясаты мәселелері басқармасы өңір жастарына қажетті идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға тиіс екенін атап өтті. Тек жобалар ашық және сапалы болуы тиіс.
– Қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет. Мысалы, көптеген іс-шаралар жабдық, жарық, дыбыс, сахнада өтеді. Мұның барлығы біздің басқармаларда бар. Жабдықты концерттер ұйымдастыратын жастар бірлестігіне жалға беру арқылы өңір үшін маңызды шараларды неге ұйымдастырмасқа?! Бұл жерде бірлестік өз іс-шараларын ұйымдастырудан түскен қаражатқа жабдықтарын жаңарта алады. Мұндай тәжірибе бізде сирек қолданылады, көбіне кез келген дүние бюджет есебінен шешіліп жатады.
Сонымен қатар, әр кабинетке назар аудару керек. Әр шаршы метр жұмыс істеуі керек, - деді облыс әкімі.
Кездесу барысында атап өтілгендей, өңір жастарының әлеуеті өте жоғары. Облыста 125 мыңнан астам жас бар. Жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау мақсатында Батыс Қазақстан облысының жастарын дамытудың жол картасы іске асырылуда.

 

  • 09.11.2021
  • 338
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика