- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Қазақстанда азаматтық тұрғындарды қорғаудан мамандандырылған курс өтуде
Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлерді даярлау орталығының базасында БҰҰ-ның «Азаматтық тұрғындарды қорғау» (UNРOCС-United Nations Protection of Civilians Course) сертификатталған курсы өтуде. Оған тек қазақстандық бітімгерлер ғана емес, Бангладеш, Бразилия, Мавритания, Мозамбик, Нигер, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Финляндияның күштік ведомстволарының өкілдері де қатысады.
Курсты өткізудің мақсаты – бітімгершілік операция барысында қатысушыларды БҰҰ-ның бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі тұжырымдамасымен, БҰҰ-ның әскери және әскери емес компоненттерінің рөлімен, міндеттерімен таныстыру.
- 11.11.2021
- 262