- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Құрметті батысқазақстандықтар!
Сіздерді айтулы мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы, ең жоғары күшке ие заңдар топтамасы. Елдегі тәртіп пен адам құқықтарын қорғалуын қамтамасыз ететін бірден-бір құрал.
Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам өмірінің жол көрсетушісі. Біздің өмірімізде осы заңдар жинағы күнде жолығады деуге болады. Яғни, ол біздің өміріміздің бір бөлшегі.
Ата Заңның құндылықтарын қорғау және қағидаттарын ұстану – әрбір азаматтың парызы және міндеті. Осы ережелердің мүлтіксіз орындалу арқасында тәуелсіз ел ретінде қалыптасу жолынан өте білдік. Ел тағдыры үшін маңызы реформаларды жүргіздік, құқықтық және демократиялық қоғамның негізін қаладық.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, бақыт пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі бүтін, болашағымыз жарқын болсын!
- 31.08.2020
- 334