• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
А.Балаева: Атырау – ұлттық салт-дәстүрге берік, руханияты жоғары мекен

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Атырау облысы Қоғамдық кеңес мүшелерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ облыс әкімдігінің активімен бірқатар кездесулері өтті.

Министрдің өңір активімен кездесуіне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.
Жұмыс сапар бағдарламасындағы маңызды шара — Министрдің Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі болды. Аида Балаева осы жылы қабылданған заңнамалық түзетулерді ескере отырып, қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіру бойынша атқарылып отырған жұмыс туралы айтып берді. Министр атыраулық Қоғамдық кеңес мүшелерін оларға берілген заңнамалық өкілеттіктерді өңір игілігі үшін белсенді әрі тиімді пайдалануға шақырды.

Одан бөлек өткен, зиялы қауым өкілдерімен жеке кездесу барысында, Министр «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын таныстырып, оның негізгі үш бағыты бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда: елдің зияткерлік әлеуетін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, «Ел рухы» атты мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» аталатын жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау бағыты.
Еске сала кетейік, ұлттық жоба жеті міндетті, 20-дан астам көрсеткішті және 60-тан астам ірі іс-шараны қамтиды.

Министр А.Балаева өз сөзінде: «Атырау өңірі – қай кезде де қазақылығын жоғалтпаған, ұлттық салт-дәстүрге берік, руханияты жоғары мекен.
Біз қазір «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен тарихымызды түгендеп, көптеген оқиғаларға жаңаша баға беріп жатырмыз. Бұл жұмыста, осы маңызды өңірдің тарихын түгендеп, руханиятын көтеріп, өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беріп, дұрыс жол көрсететін ел зиялылылары — сіздердің қолдауларыңыз қажет». Министр ел дамуында Мемлекет басшысы ұлттық интеллигенцияның рөліне ерекше маңызды көңіл бөлетінін айта отыра, Ұлттық жобаны жергілікті жерлерде жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Атырау облысына жұмыс сапарының соңында Министр Жылыой ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, Ақмешіт қорымына барды.

Айта кетейік, қазір елдегі эпидемиологиялық ахуалды біртіндеп қалыпқа келтірудің арқасында министрлердің өңірлерге шығулары және халықпен кездесулері тұрақталып келеді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында А.Балаева осындай кездесулерді Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында өткізген болатын.

 

  • 16.11.2021
  • 294
Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика