• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
А. Балаева QAZFORUM қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың V форумын ашты

QAZFORUM қазақ тілді онлайн-контентін жасаушылардың "Қазақ тілді интернет: жаңа шындықтар мен сын-қатерлер" тақырыбындағы V форумының ашылуы өтті.
Форум жұмысын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева мен АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша Сенімді өкілі Джуди Куо ашты.
Іс-шара АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ұйымдастыруымен ҚР мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуының қарсаңында өтуде.

Министр өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінде сапалы контент жасау – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің үлесі шамамен 80%-ды құрайды. Егер 10 жыл бұрын мемлекеттік тілде ақпарат тарататын 6 сайт болса, бүгінде жағдай мүлдем басқаша. Жылдан жылға қазақ тілді интернет-порталдардың саны да, оқырмандар саны да өсуде. Соңғы 2 жылда 46 жаңа сайт ашылды.

Сонымен қатар, Министр А.Балаева қазақстандық журналистердің одан әрі кәсіби өсуі қажеттігіне назар аударды. Ол өз сөзінде Министрлік жанынан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын қазақ тіліндегі контентті талдайтын жұмыс тобы құрылғанын айтты.
"Көптеген ақпарат сайттары мәліметті қысқа әрі жеңіл жазуды таңдайды. Сондықтан бүгінде «Интил» («Intil») жазу формасы ұғымы пайда болды. Десе де жылдам ақпарат таратуды ғана ойлайтын сайттарда көп жағдайда тіл тазалығы болмайды. Мұның өзі, бірінші кезекте қазақ тілін интернет арқылы оқып үйренетін өскелең ұрпаққа кері әсер ететіні анық. Бұл ретте, биыл қыркүйек айында біздің Министрліктің қолдауымен елімізде алғаш рет «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» жинағы әзірленді. Аталған кітапта қате қолданылып жүрген 3,5 мыңнан астам сөз тіркестері анықталып, 2 мыңнан астам нақты мысал берілген", — деді А.Балаева.

Сонымен қатар, А.Балаева бүгінгі ғаламдық цифрландыру заманында интернет әлемдік дәстүрлі медианың өзгеруіне зор ықпал етіп жатқанын айтты.

"Бұл әсіресе былтыр орын алған пандемия кезінде айқын білінді. Түрлі әлеуметтік желілер, «WhatsApp», «телеграм-арналар», «YouTube» пен «Тik-Ток» қосымшалардан тараған жалған ақпараттардан қоғамда «инфодемия» мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан біз дер кезінде шешім қабылдап, Stopfake.kz порталын іске қостық. Қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын сайт бүгінге дейін қоғамды әбігерге салған 2000 мыңға жуық фейк ақпаратты жоққа шығарды. Соңғы аптадағы сайттың қаралымы 66 мыңнан асады. Бұл орайда, бүгінгі журналистер «фактчекинг» талабын үнемі есте ұстауы қажет", — деді Аида Балаева.

Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам маман қатысуда. Қатысушылар қатарында медиа-сарапшылар, блогерлер мен журналистер, БАҚ бас редакторлары мен бірінші басшылары, digital-сарапшылар мен жаңа контент жасаушылар бар.
Естеріңізге сала кетейік, QazForum қазақ тілді онлайн-медианы дамытуға, сапалы контентті арттыруға және интернет желісінің қазақ сегментіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеуге бағытталған бірегей алаң болып табылады.

 

  • 16.11.2021
  • 285
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика