• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін ҮЕҰ әлеуетін пайдалану маңызды — А. Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн-отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі Халықты әлеуметтік қорғаудың, экологиялық проблемалардың өзекті мәселелерін шешудегі өзара іс-қимылды арттыруға арналған.
Отырыс барысында Үйлестіру кеңесіне қатысушылар халықтың өзекті мәселелерін шешудің тиімді тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік органдардың басым міндеттерді іске асыруда ҮЕҰ әлеуетін тиісті түрде тарту, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін күшейту және басқа да мәселелерді қозғады.
Отырыс форматы «Мемлекеттік орган – ҮЕҰ» қағидаты бойынша, яғни, мемлекеттік органдардың баяндамасы да, ҮЕҰ өкілдерінің баяндамалары да тыңдалды.

Министр өз сөзінде халыққа маңызды мәселелерді шешу бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру үшін өңірлердегі ҮЕҰ әлеуетін пайдаланудың өзектілігін атап өтті. А.Балаева ҮЕҰ тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева баяндама жасап: «Біз осы жылдың мамыр айында өткен Үйлестіру кеңесі отырысының ұсынымдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан, басқа да мемлекеттік органдар, соның ішінде бірқатар өңірлер тарапынан да назардан тыс қалмағанын көріп отырмыз. Олар белсенді түрде қолданылады. Алайда, шешілмеген мәселелер де бар. Осы орайда өзекті проблемаларды айту және оларды шешу жолдарын іздестіру үшін дәл осы Үйлестіру кеңесі тиімді алаң болып қала беруі тиіс. Осы мәселелердің барлығын алдағы Х Азаматтық форумда көтеру маңызды, оған көптеген мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен ҮЕҰ көшбасшылары қатысатын болады»,- деді.
Сондай-ақ, негізгі спикерлер ретінде «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының басшысы Л.Қалтаева, Павлодар облысының Азаматтық Альянсының төрағасы С. Могилюк, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.

Қоғам қайраткері Айгүл Соловьева атқарылып жатқан жұмыстар туралы өз пікірін білдірді: «Менің байқағаным: бұрын халықаралық ұйымдар қазақстандық жекелеген ҮЕҰ-мен тікелей жұмыс істеуді жөн көретін. Қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өзі олармен маңызды қоғамдық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа ашық екенін атап өту қажет. Бұл үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмысқа деген сенімнің артуының айқын дәлелі».

Кездесу қорытындысы бойынша кеңес қатысушылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларына өңірлік мәселелерді шешуде ҮЕҰ өкілдігін кеңейту жөнінде тиісті ұсынымдар берді.
Өз кезегінде, мемлекеттік органдар үкіметтік емес сектор тарапынан ескертулер мен проблемалық мәселелерді назарға алды.

Анықтама ретінде:
Соңғы 4 жылда Үйлестіру кеңесі 136 ұсыным әзірлеп, оның 102-сі орындалды; ал 34 ұсыным ұзақ мерзімді болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің ұсынымдары мемлекет пен үшінші сектордың әріптестігін дамытуға және оның жаңа форматқа көшуіне айтарлықтай серпін берді.

  • 16.11.2021
  • 325
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика