• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәдениет саласындағы ҮЕҰ шығармашылық одақтармен онлайн кездесу өтті

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған 10-шы Қазақстанның Азаматтық форумы аясында мәдениет саласындағы ҮЕҰ шығармашылық одақтармен онлайн кездесу өткізді. Кездесу ZOOM платформасы арқылы көрсетілді.

Жиын барысында қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы негізінде серіктестіктің бірлескен жетістіктері туралы және алдағы уақытқа қойылған мақсаттар жайлы ұтымды ойлар мен бірқатар ұсыныстар айтылды.

Ақтоты Райымқұлова форумға қатысушыларды Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтай отырып, мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылына қызығушылығы үшін алғысын айтты. Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі екенін жеткізді.

«Елімізде мәдениет пен өнер саласында 8 мыңнан астам адамды қамтып отырған 16 шығармашылық одақ, оның ішінде жазушылардың, дизайнерлердің, композиторлардың, музыканттардың, хореографтардың, театр қайраткерлерінің, кинематографистердің, сәулетшілердің, эстрада артистерінің, қолөнершілердің, суретшілердің және басқа да үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде.

Шығармашылық одақтарды мемлекеттік қолдау елдегі әлеуметтік саясатты жүргізуде қатынастардың жаңа моделін қалыптастыруға серпін береді. Уәкілетті органның шығармашылық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесі жетілдіріліп, үкіметтік емес ұйымдар ретінде мемлекеттің көптеген әлеуметтік міндеттерін шешуде әріптес болады»,- деді Мәдениет және спорт министрі.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова министрлік соңғы үш жылда шығармашылық одақтармен және қауымдастықтармен бірлесіп 25-тен астам мәдениет саласын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізгенін айтты.

«Қазақстан Сәулетшілер одағының ұйымдастыруымен 2018 жылғы Халықаралық сәулетшілер Конгресі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи мәдениет» арнайы жобасы аясында «Әдебиет пен өнер туындыларын аудару және іріктеу сапасын бақылау қызметтері» жобасы іске асырылды. Аталған жобаны жүзеге асыруға «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық бірлестігі, Жазушылар одағы және Қазақстан Суретшілер одағы белсенді тартылды. Жоба қорытындысы бойынша 2019 жылы «Қазіргі қазақ поэзиясының және прозасының антологиялары» 6 тілде басып шығарылды.
Қазақстан Жазушылар одағы «Қазіргі әлемдегі сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум ұйымдастырып, аталған іс-шараға Еуразия құрлығынан 27 жазушы, аймақтардан 54 делегат және 150-ге жуық жазушы қатысты.
Қазақстан театрлары қауымдастығымен бірлесіп, шетелдік театр өнерінің шеберлерінің қатысуымен Алматыда Қазақстанның театр қайраткерлерінің республикалық ірі практикумы өтті.

Сол секілді Алматы қаласында «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының ІІ Форум-фестивалі, ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі, Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына және Астананың 20 жылдығына арналған Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық фестивалдері ұйымдастырылды.
Министрлік тарапынан «Activ Life» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Wide World» - «Ұлы Дүние» І Халықаралық ерекше театрлар фестивалі өтті»,- деді Ақтоты Райымқұлова.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың шығармашылық одақтарды қолдаудың жүйелі шараларын қабылдауға қатысты тапсырмасына (2019 жылғы 9 сәуірдегі № 19-32-17.145) сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мәдениет саласындағы шығармашылық одақтарды қолдау қарастырылды.

2021 жылдың соңына дейін мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлеріне, соның ішінде жыл сайынғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қолдау көрсету жоспарланған.

Бүгінгі күні мәдениет, өнер қайраткерлерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалады, мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік және ведомствалық наградалармен марапатталады.

Сондай-ақ жиын барысында айтылған ұсыныстар мен қойылған сауалдар министр тарапынан тыңдалып, алдығы уақытқа бірқатар жоспар жасалды.

  • 18.11.2021
  • 348
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика