• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне біржолғы өтемақы төлеуге қатысты нормативтік құқықтық актілер әзірленді

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобаны әзірледі.

Қазіргі уақытта «Әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Заңның 51-бабында әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметшінің қаза табуы, оған мүгедектіктің белгіленуі, оның мертігуі (жарақаттануы немесе контузия алуы) жағдайы бойынша біржолғы өтемақы төлеу көзделген.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мемлекет беретін біржолғы төлемдерін алу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, көрсетілген қаулыға сәйкес қорғаныс ведомствосы әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықты дайындады.

Нұсқаулықта:

- әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан әскери қызметшілердің мұрагерлері;

- әскери қызметшілер қызмет өткеру кезеңінде оларға мүгедектік белгілеген кезде;

- қызмет міндеттерін орындау кезінде әртүрлі жарақат алған, жараланған, контузия алған әскери қызметшілерге біржолғы өтемақы алу үшін әрекет ету алгоритмдері белгіленген.

Құжатта өтемақы төлеу үшін құжаттарды жинақтайтын жергілікті әскери басқару органдарының, сондай-ақ осы әскери қызметшілер қызмет өткерген әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жұмыс тәртібі айқындалған.

Құжаттардың толық мәтіндерімен 2021 жылғы 2 желтоқсанға дейін төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13066241, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13066161.

  • 20.11.2021
  • 277
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика