• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Абаев Д.Ә.
Абаев Д.Ә.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Орталық мемлекеттік архивтің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, шетелдік қонақтар, республикалық және облыстық архивтер басшылары мен ардагерлері қатысты.

Мереке Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ғимаратына орнатылған «1921-2021 жж. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 100 жыл» атты мемориалды ескерткіш тақтаның ашылу салтанатынан басталды.

Сонымен қатар соңғы уақытта шетелдерден алынған кұнды архив кұжаттарының көшірмелерінен даярланған «Жауһар жәдігерлер» атты көрме мен архивтің 100 жылдық мерейтойына орай дайындалған және басып шығарылған құжаттардың ғылыми жинақтарының тұсаукесері өткізілді.

Салтанатты  жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды.

«100 жылдық тарихында Орталық мемлекеттік архив әлемдегі ең ірі архивтердің біріне айналды, ол ең бай және қайталанбас тарихи құжаттарды біріктіре алды, өзіндік даму жолы мен ішкі дәстүрін қалыптастырды. Осы орайда архив қызметкерлерінің баға жетпес үлесі мен еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Бұл бағытта министрлік бірқатар жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай алғаш рет 100-ден астам архив қызметкерлері «Архив саласының үздігі» ведомстволық наградасына ие болды. Сондай - ақ, 22 желтоқсанда алғаш рет кәсіби мереке «Архивші күнін» атап өтеміз»,-деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Іс-шара барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мерейтойға қатысушыларды Орталық мемлекеттік архивтің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ғасыр бұрын құрылған архивтің мерейтойы - тарихи санасы қалыптасқан мемлекет үшін маңызды оқиға екенін айтты.

«Кез келген мемлекет үшін архив қызметінің стратегиялық маңызы бар. Ақпараттық технологияларды дамыту нәтижесінде бүгінгі таңда архив көздері ұлттық ресурстардың бірі және ұлттық бірегейлікті тәрбиелеудің маңызды көзі екені анық. Сондай-ақ, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтудің негізгі тұжырымдамасы жыл басында жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жан-жақты атап көрсетілді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев архив саласы туралы «Архив - қағаз қоймасы емес, нәр беруші кәусар бұлақ», деп атап өткен болатын. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл айтулы мереке – барша халқымыздың мерекесі», - деді Мәдениет және спорт министрі.

Бұдан соң Ақтоты Райымқұлова бірқатар архив саласының қызметкерлерін «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивіне – 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Сонымен қатар алқалы жиында «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивіне - 100 жыл» атты деректі фильмі, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына және Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған фильмдер көрсетілді.

Біздің анықтама: Қазақстан тарихындағы алғашқы мемлекеттік архив 1921 жылы 1 қыркүйекте Қазақ АКСР-ның тұңғыш астанасы – Орынбор қаласында құрылған.

  • 22.11.2021
  • 66
Абаев Д.Ә.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

Абаев Д.Ә.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Нұр - Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: sd@nitec.kz

    Яндекс.Метрика