• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбекшіқазақ ауданында меценат өз қаржысына амбулатория мен пошта және учаскелік пункт салды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Төле би ауылында су жаңа әлеуметтік ғимарат қолданысқа берілді. Соның нәтижесінде 50 адам қабылдауға арналған ауылдық амбулатория, пошта мен учаскелік полиция пункті екі қабатты ғимаратқа орналасты.

Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ғимараттың жалпы алаңы 325 шаршы метр. Жергілікті тұрғын, жомарт жүрек кәсіпкер Чикаев Тавабир поштаның ескі ғимаратының орнына ауылдастарының игілігіне беру үшін жеке қаражатына жаңа нысан тұрғызды. Сонымен бірге ол ғимарат ішінде қажетті жиһаз бен интерьерлер сатып әперді. Ал амбулаторияны медициналық құрал-жабдықтармен аудандық көп салалы аурухана қамтамасыз етпек.  

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен өңір дамуындағы меценаттар қолдауының маңызы туралы атап өтті.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Бүгінгі шара осындай елжандылықтың, туған жерге деген жанашырлықтың көпке үлгі болған дәстүрлі жалғасы деп білеміз. Бәріңізді келе жатқан мерекелеріңізбен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын, - деген Ә.Жақанбаев меценатқа ризашылығын білдірді.  

Салтанатты шарада ғимараттың лентасы қиылып, нысан Көктөбе ауылдық округі тұрғындарының игілігіне берілді.

Жалпы Алматы облысында Тұңғыш Президент күніне орай өңірдің әр түкпірінде көптеген әлеуметтік маңызды нысандар ашу белгіленген. Солардың қатарында сервистік әкімдік, ауылдық мәдениет үйі, өнер мектебі, жекеменшік балабақша, жаңа сквер және басқалары бар.

  • 29.11.2021
  • 228
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика