• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Жетісулықтар Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді

Бүгін Алматы қаласындағы «Астана алаңында Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Онда өңірдің 17 ауданы мен 3 қаласынан жеткізілген азық-түлік саудаланды. Жәрмеңкеде жалпы құны 174,8 миллион теңге болатын 455 тонна көлемінде ауылшаруашылық өнімі ұсынылды.

Қалалықтар үшін 36,0 тонна ет, 21,0 тонна сүт өнімдері, 114,7 тонна көкөніс пен 38,0 тонна жеміс-жидек, 15,8 тонна балық, 38 тонна картоп және басқа да тауарлар саудаға шығарылды. Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы қала базарынан 10-15 пайызға арзан әрі сапалы.

- Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында тұрамын. 8 гектар алма бағым бар. Жыл сайын өтетін дәстүрлі жәрмеңкені сағынып қалыппыз. Саудамыз ойдағыдай жүруде, - дейді жәрмеңкеге арнайы келген Тайыр Қалдаяқов. Сондай-ақ, сауда сөрелерінде Текелі сүт зауытының өнімдеріне, Ескелді ауданының балына, Еңбекшіқазақ ауданының алмасына, Нарынқолдың картобына, Бақанастың күрішіне, Көксу мен Ақсудың ет өнімдеріне, басқа да табиғи таза өнімдерге деген сұраныс өте жоғары болды. 

 Жәрмеңкенің өту барысын облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев бастаған жұмыс тобы қадағалап, сауданың қалай жүріп жатқанын көріп, ауылдан келген шаруа қожалықтарының жетекшілерімен пікірлесті.

  • 29.11.2021
  • 237
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика