• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елімізде алғаш рет паралимпиадалық спорт түрі – боччадан ашық республикалық турнир өтті

 Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында БЦП және тірек-қимыл мүшесі зақымданған, аутизм, Даун синдромы сияқты диагнозы бар ересектер, зағип және нашар көретіндер балалар мен жастар арасында боччадан бірінші ашық республикалық турнир өтті.

Жарысқа Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Арал, Қарағанды, Ақсу қаласынан келген 95 спортшы қатысты. Қатысушылар санының көптігіне былтыр еліміздің 17 қаласында бочча секцияларының ашылуы сеп болды. Бұл игі жобаны «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры өзінің бас серіктесі Samruk Kazyna Trust, сондай-ақ әлеуметтік жоба серіктестері – MYD Production ЖШС және NATO Charity Bazaar жүзенге асырды. Сонымен қатар өңірлерде секциялардың ашылуына Nur Otan партиясы және жергілікті атқарушы органдар «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында қолдау көрсетті.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов, Samruk Kazyna Trust КҚ бас директоры Қ.Қожақов, MYD Production ЖШС, Nur Otan партиясының өкілдері келді.

Мәдениет және спорт министрі өз сөзінде бүгінгі турнир елімізде боччаның кең танылуына ықпал ететінін атап өтті.

«Бүгінде бочча паралимпиада бағдарламасындағы қарқынды дамып келе келе жатқан спорт түрінің бірі. Күн санап қызыққан азаматтар саны еселеп артуда. Дәлдікті, есеп пен мергендікті қажет ететін аталған спорттың азаматтарға пайдасы жетерлік. Қуанышымызға орай, бұл құбылыс біздің елімізге де жаңа леппен жетті.

Мәселен, былтыр Nur Otan партиясының қолдауымен еліміздің 17 қаласында бочча спортына арналған секция ашылды. Осындай ауқымды жұмыстың басы-қасында болған «Мир равных возможностей» қоғамдық қорына шексіз ризашылығымды білдіремін»,-деді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова алғаш рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Қарғанды, Арал, және Ақсу қаласынан спортшылардың келуі айтулы көрсеткіш екенін айтты.

«Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мәрте мүгедектерді жұмыспен қамту, олардың проблемасын шешу жайлы тапсырып, тіпті бизнесмендерге мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алуға кеңес бергенін білеміз. Жолдауларында кедергісіз орта құру жайлы нақты тапсырмалары осынау бастамалардың жалғасы деуге болады.

Шынымен де, дана халқымыздың қағидасы бойынша, қабілеті қысқаларға қолы ұзындар пана болып, қолтықтаса, қиындықты жеңіп жатса ізгіліктің ілгері қадамы сол емес пе?»,-дей келе спортшыларға сәттілік тіледі.

Бұл ашық республикалық турнир осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан Нұр-Сұлтан қаласы бочча федерациясының президенті болған Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналады. Сұлтанбек Орынбасаров 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы инклюзивті мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген кезден бастап ерекше қажеттілігі бар оқушыларға ерекше қамқорлықпен қарайтын. Бочча спорт түрі жайлы білген соң, 2018 жылдан бастап «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ-да боччадан жаттықтырушы болды. Осыдан кейін елордада бочча федерациясын құрып, балалармен бірге алтын Паралимпиада медалін жеңіп алуды мақсат еткен болатын. 

Біздің анықтама:

Бочча – тірек-қимыл аппараты қатты зақымданған спортшыларға (арбадағы спортшылар) арналған спорт түрі. 1984 жылы паралимпиада бағдарламсына кірген бочча бүгінде әлем бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Бочча доппен ойнайтын петанк пен керлингке ұқсас.

  • 29.11.2021
  • 378
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика