• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында британдық авторлардың кітаптары қазақ тіліне аударылды

Алматы облысында «100 жаңа оқулық» жобасының шеңберінде ағылшын авторларының Қазақстан туралы екі кітабы қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Оның біреуі Қазақстанға екі ғасыр бұрын келген британдықтардың, яғни Томас пен Люси Аткинсондардың сапары туралы баяндайды. Ал екіншісі әр жылдардағы Ұлы Дала тарихы туралы зерттеулер мен саяхаттар туралы. Екі кітап та өткен сенбі күні Талдықорғанда таныстырылды. Кітаптарды қазақстандық авторлар Бақытжан Бұхарбай мен Алмас Нұрбақытов аударған.

Онлайн режимде өткен таныстырылымға Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов  қатысып, Қазақстан тарихы мен халқының өміріне қатысты осы кітаптың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  аударылып, басылып шығуының мәні зор екенін атап өтті.

- Мұндай шаралар тәуелсіз екі ел арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтуға ықпал ететін бастама деп білемін. Қос жинақ  дереккөз ретінде қазақ оқырмандарына маңызы елеулі, әрі қызықты шығарма болады деп ойлаймын, - деді Ерлан Ыдырысов.

Кездесуде «Томас, Люси және Алатау» кітабының авторы Джон Мейсен Стюарт өз әсерін жеткізді.

- Сапарымда мен Қазақстанның өзіме жықындығын сезіндім. Сондықтан шығармамның көпшілік қауымға кең таралатынына қуаныштымын. Осы салтанатты шараны пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! – деді британдық автор.

Еске салсақ, Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-салтын, мәдениетін, табиғатының тамашасын бейнелеп жазған саяхатшылардың күнделіктері негізінде жазылған. Мұнда, әсіресе киелі су саналатын Тамшыбұлақ жайлы ерекше толғаныспен айтылады. Табиғат әсемдігі саяхатшылар Томас пен Люсиді таңғалдырғаны сондай Алатаудың етегінде дүниеге келген ұлдарына Алатау Тамшыбұлақ деп ат қойған.

Бейнебайланыста «Ұлы Дала саяхатшылары» кітабының авторы Ник Филдинг те сөз алып, ризашылығын жеткізді.

- Бірінші кезекте кітабымды аударуға ниет танытқандарыңызға және оны басып шығарып, таныстырып жатқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын. Қазақстанға жасаған сапарым әлі есімде. Ондағы халықтың қонақжайлығы есімде сақталып қалды. Сіздердің елдің халқы, дәстүр-салты маған үлкен әсер етті, - деді Ник Филдинг.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» жобасы – Қазақстанның ақыл-ой мен білімге ұмтылған, әлеуметтік жағынан жауапкершілігі мол жастарды қалыптастыруға бағытталған тың бастама. Соның арқасында біз тарихи мұраларымды сақтауға, жастарға рухани тәрбие беруге бағытталған жобаны қолға алып, аударып басып отырмыз, - деді.

Бұған дейін 2016 жылы Томас Аткинсонның ұрпақтары Қазақстанға келіп, ертедегі оқиғалардың тынысын сезініп, ата-бабалары жүрген жолдармен жүріп өтті. Кейін Аткинсондардың саяхаты туралы екі кітап - Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау: Аткинсондардың Сібірде және Шығыс Қазақстанда басынан кешкендері» және Ник Филдингтің «Ұлы Даланың оңтүстігіне: Томас және Люси Аткинсондардың Шығыс Қазақстанға сапарлары» кітаптары жазылды.

  • 30.11.2021
  • 275
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика