• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында online - халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2020 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының 3-тармағы
15) тармақшасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қолдауымен Заңнама және құқықтық ақпарат институты базасында Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында online - халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі-Конференция) өтті.

Конференцияның мақсаты – конституциялық заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа идеялар мен тәсілдерді Қазақстан Республикасында жүргізілген конституциялық реформаларды жан-жақты талқылауға арналған.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының басшылары мен өкілдері және Германия, Ресей, Беларусь және Қырғызстанның халықаралық сарапшылары қатысты.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Р.Қ. Сәрпеков салтанатты түрде ашты
Р.Қ. Сәрпеков өзінің кіріспе сөзінде қатысушыларды Конституцияның
25 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің негізгі заңы мемлекеттің, қоғамның, адамның және азаматтың тіршілік әрекеті мен өзара іс-қимылы үшін негіз болатын, үстемдік пен негіз қалаушы рөлге ие әмбебап құқықтық акт болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ іс-шара шеңберінде жемісті және табысты жұмыс тіледі.

Алғашқы құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев сөз сөйлеу барысында елімізде жүргізілген конституциялық реформалар қоғамымызды демократияландыруды, халық билігінің негіздерін одан әрі нығайту, Парламенттің рөлін күшейту, Үкіметтің дербестігін арттыру бойынша негізгі қоғамдық сұраныстарды ескергенін атап өтті.

Сонымен қатар конференцияға қатысушылар алдында Нұрсултан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары з.ғ.д., профессор И.И. Рогов, Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы з.ғ.д. Қ.Б. Сафинов, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы з.ғ.д., профессор С.Ф. Бычкова құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің атынан құттықтау сөзін Конституциялық Кеңестің мүшесі з.ғ.д. Ә.А. Темірбеков жария етті.

Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің ректоры, э.ғ.д. А.В. Новиков атынан Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің ғылыми жұмыс және қоғамдық байланыстар жөніндегі проректоры, з.ғ.к., доцент А.А. Макарцев құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның пленарлық отырысын Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д. А.А. Темірбеков ашып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың кейбір аспектілеріне арналған Жолдауына баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар үшін Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы өкілдігінің басшысы (GIZ), Берлин қаласының судьясы Йорг Пуделька мемлекеттік құрылымның конституциялық принциптерін бекітудің мазмұны мен тәртібін, олардың арасында Германия мен Қазақстан заңнамасы мысалында құқықтық мемлекет принципі ерекше маңызды орын алатыны жөнінде баяндама жасады.

Ресей Федерациясының сайлау комиссияларының құқықтық мәртебесі мәселелері Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің ғылыми жұмыс және қоғамдық байланыстар жөніндегі проректоры, з.ғ.к., доцент А.А. Макарцевтің баяндамасында айтылды.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің конституциялық дамуының кейбір үрдістері туралы» тақырыбында Қырғыз Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының бас ғылыми хатшысы, Қырғыз мемлекеттік заң университетінің (ҚМЗУ) конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасы профессорының м.а., з.ғ.к., ф.ғ.к., доцент Н.К. Атабекова баяндама жасады.

Әкімшілік рәсімдердің конституциялық-құқықтық негіздерін өз баяндамасында Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің әкімшілік, қаржылық және корпоративтік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. к., доцент О.Н. Шерстобоев баяндады.

Жоба жетекшісі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д., профессор Е.Б. Әбдірәсіловтің «Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы маңызды конституциялық-құқықтық институт ретінде» атты баяндамасы конференцияның өзекті мәселесіне арналды. Автор өз сөзінде «конституцияның қолданысы» ұғымының
конституциялық-құқықтық реттеу жүйесінде маңызды теориялық және практикалық маңызы бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, конференцияның пленарлық отырысының жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасының жетекші ғылыми қызметкері, з.ғ.к. С.С. Қаржаубаев, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Каспий университетінің «Әділет» ҚЖМ профессоры, з.ғ.к., доцент А.А. Караевтың баяндамалары тыңдалды.

Конференцияның соңында Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Р.Қ. Сәрпеков қорытынды сөз сөйледі.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға, қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарына жіберілетін ұсыныстар әзірленді.

 

  • 14.09.2020
  • 447
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

Сәрпеков Р.Қ.
(Мұрағат)

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика