• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту» тақырыбында online - халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2020 жылғы 1-2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен және Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту» тақырыбында online - халықаралық ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастықтарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Конференцияны салтанатты түрде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры ҚР ҰҒА академигі Е.Б. Сыдықов аша отырып, Конституция мемлекеттің негізгі және басты заңы деп әділетті түрде аталатынын атап өтті, себебі ол Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуындағы маңызды бағдарға айналды. «Бүгінгі күні жарияланған тақырып өзекті және уақтылы, өйткені ол мемлекеттік басқаруға қатысатын азаматтардың кәсібилігін нығайту және одан әрі дамыту қажеттілігін көздейді», - деп түсіндірді профессор.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы
Қ.Ә. Мәми Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын қорытындылау жылы, сондай-ақ, конституциялық құндылықтарды одан әрі іске асыру жөніндегі жаңа шараларды белгілей отырып, болашаққа болжамдар жасауды атап өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы
Қ.Ә. Мәми Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын қорытындылау, сондай-ақ конституциялық құндылықтарды одан әрі іске асыру жөніндегі жаңа шараларды белгілей отырып, болашаққа болжам жасау жылы деп атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары И.И. Роговтың айтуынша, «Кез-келген мемлекеттің басты міндеті – заңды және нақты Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ету, яғни онда бар конституциялық ережелерді және сол конституциялық құндылықтарды барынша іске асырудан тұрады. «Конституцияның құндылығы неғұрлым жоғары болса, конституциялық құндылықтарды сақтау мен қорғауды жүзеге асыруға кепілдік соғұрлым толық, дәйекті түрде жүзеге асырылады, олардың демократиялық және адамгершілік-құқықтық әлеуеті неғұрлым толық пайдаланылады», - деп атап өтті профессор.

Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Р.Қ. Сәрпеков құттықтау сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа мемлекеттік басқару үшін кадрлар даярлау тәсілдерін қайта қарастыруды, Қазақстан Республикасында қоғамдық сананы жаңғырту аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен нығайтуды талап ететінін атап өтті. Жаңа цифрлық жағдайларда мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік ету дағдыларын меңгеруі, креативті ойлауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзімді болуы тиіс.

 

Конференция аясында Конституциялық Кеңестің Конституцияның 25 жылдығына орай шығарылған кітаптардың тұсаукесері өтті.

Конференцияның пленарлық отырысын ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д. С.Н. Сабикенов ашып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудың кейбір аспектілеріне арналған баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., профессор У.Ш. Шапақ құқықтық мемлекет қағидаты ерекше маңызды орын алатын мемлекеттік құрылымның Конституциялық қағидаттарының мазмұны мен бекіту тәртібін аша отырып, қызықты баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Ж.К. Рысбекованың баяндамасында айтылды.

«Мемлекеттік қызметті реттейтін неміс құқығының қазіргі заманғы мемлекеттің қызметіндегі рөлі. Реформалаушы мемлекеттер үшін үлгі» тақырыбында Оснабрюк университетінің (ГФР) профессоры Фридерик Цоль сөз сөйледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» үйлестіру Департаментінің директоры Н.Ж. Күнтуов өз баяндамасында айтты.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті мүшелерінің бірі, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің басшысы, з.ғ.к. Б.Қ. Нұрғазиновтың «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің конституциялық-құқықтық негіздері» тақырыбындағы баяндамасы конференцияның аса өзекті мәселесіне арналды.

 

Сонымен қатар, конференцияның пленарлық отырысының жұмысы барысында Кристиан Альбрехт атындағы Киль Университеті Шығыс Еуропа елдерінің Құқық Институтының (ГФР) ғылыми қызметкері, ғылым докторы Назар Паныч, Фрибур университетінің профессоры, Николас Айоз, Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінің (РФ) сот және құқық қорғау қызметін ұйымдастыру кафедрасының доценті, Е.В. Рябцеваның баяндамалары тыңдалды.

Секциялық отырыстардың жұмысында Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты қызметкерлерінің келесі баяндамалары: бас ғылыми қызметкер, з.ғ.д., профессор С.М. Рахметовтың «Конституция нормаларымен реттелетін Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының кейбір мәселелері туралы» тақырыбындағы баяндамасы, бас ғылыми қызметкер, з.ғ.д., профессор М.А. Сәрсембаевтың «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы: құқықтық мәдениет және халықаралық құқық» тақырыбындағы баяндамасы, жетекші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, з.ғ.к. Е.У. Ихсановтың «Қазақстан Республикасының Конституциясы – меншік қатынастарын құқықтық реттеудің негізі» тақырыбындағы баяндамасы, жетекші ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі Р.П. Әшіғалиевтың «Ғылыми зерттеудің негізгі ережелері: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесін жетілдірудің қазіргі тенденциялары» тақырыбындағы баяндамасы,  ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі Е.Б. Ахметовтың «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы, кіші ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі, С.К. Панов «Қазақстан Республикасының өзара іс-қимылы және БҰҰ-ның арнайы рәсімдері үлгісінде адамның конституциялық құқықтарын қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға, қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарына жіберілетін ұсыныстар әзірленді.

  • 14.09.2020
  • 526
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

Сәрпеков Р.Қ.
(Мұрағат)

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика