• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«30 ЖЫЛ 30 ЕСІМ» ұлттық жүлдесінің иегерлері анықталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды.
Телевизиялық жүлде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталды.

Байқау ережесі бойынша сарапшылардан құралған арнайы комиссия іріктеуімен еліміздің ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт, кино, дәстүрлі өнер сияқты 10 салада табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіби мамандар таңдалды. Комиссия шешімімен екінші кезеңге өткен үміткерлер «Қазақстан» телерадиокорпорациясының www.qazaqstan.tv ресми сайтында жүргізілген жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 10 аталымда үздік шыққандар:

«Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» - медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, елімізде тұңғыш рет қан айналымының қосалқы құрылғыларын имплантациялау, донорлық жүректі және өкпені трансплантациялау сияқты бірқатар күрделі оталарды сәтті жүзеге асырған халықаралық дәрежедегі кардиохирург Юрий Пя, жоғары санатты дәрігер, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері Надежда Петухова;

«Қоғамдық белсенділігі үшін» аталымы бойынша тіл жанашыры Асылы Осман, еліміздегі ең танымал lider.kz еріктілер қозғалысының негізін салушы Олеся Баимова, адвокат, «Халық үні» жобасының авторы Айман Омарова;

«Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін» әнші Димаш Құдайберген, күйші Секен Тұрысбеков, суретші Ерболат Төлепбай;

«Кино саласына сіңірген еңбегі үшін» тетар және кино актері Болат Әбділманов, актер, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, театр және кино сахнасында 200-ден аса рөл ромдаған актер Досхан Жолжақсынов;

«Спорт саласындағы жетістіктері үшін» грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының, Азия ойындарының қола жүлдегері Қанат Ислам, ауыр салмақта әлемдік рекордты жаңартқан зілтемірші, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин;

«Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша математик, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, «QazVac» вакцинасын жасаушы ғалым Күнсұлу Закарья, «Аралтөбе», «Берел» қорымдарынан «Алтын адамды» тапқан археолог Зейнолла Самашев;

«Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін» дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мектебінің мұғалімі Муаммер Гүль, «Qazbilim» қосымша білім беру орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы, Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері, математика пәнінің мұғалімі Аягүл Миразова;

«Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін» аталымында асыл тұқымды қой өсіруші жас кәсіпкер Нұрислам Ыбраев, Еңбек ері, «Родина» агрофирмасының негізін қалаушы Иван Сауэр, еліміздегі түйе шаруашылығының дамуына атсалысып жүрген кәсіпкер, консервантсыз шұбат өндіруші компанияның иегері Сыдық Дәулетов;

«Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» күйші Айгүл Үлкенбаева, әнші Рамазан Стамғазиев, жыршы Елмұра Жаңабергенова;

«Әдебиет» аталымы бойынша жазушы-драматург Дулат Исабеков, ақын Светқали Нұржан, ақын Ұлықбек Есдәулет марапатталды.

Үздіктердің есімі 2021 жылғы 23-30 қараша аралығында qazaqstan.tv сайты арқылы жүргізілген дауыс беру кезеңінде анықталды.

«30 жыл 30 есім» есім байқауының жеңімпаздары – халықтың таңдауы. Ұлттық арнаның ресми сайты арқылы дауыс беруге бір аптаның ішінде 962 858 қазақстандық қатысты.

  • 10.12.2021
  • 231
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика