- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Оралда партияішілік праймериз қатысушыларының ашық пікірталасы басталды.
Пікірталасқа үш бірдей мұғалім, екі қоғамдық бірлестік жетекшісі, бір кәсіпкер қатысты. Қатысушылардың жасы 26-дан 46 жасқа дейін болды. Үміткерлер әртүрлі мәселелерді қозғағанымен, олардың көтерген проблемалары мен ұсыныстары өзекті және маңызды.
Кейбір спикерлер проблемаларды атап қана қоймай, оларды шешу жолдарын ұсынды. Жергілікті саяси сахнада аймақ өмірін жандандыратын жаңа тұлғалар пайда болады деп ойлаймын.
Мен бүгінгі үміткерлер партияішілік сайлау нәтижесіне қарамастан өз еліне пайда тигіземін, нақты істермен аймаққа көмектесемін деген ниеттерін жоғалтпайды деп білемін.
- 17.09.2020
- 277