• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорған қаласында "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Талдықорған қаласына сапары барысында партияның Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысты. Партия филиалының жаңа төрағасы ретінде делегаттар өңір әкімі Қанат Бозымбаевты сайлады.

Партия Төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, Қанат Бозымбаев бұған дейін Жамбыл және Павлодар облыстарында партияны табысты басқарған. Филиал жаңа басшылығының алдында партияның сайлауалды міндеттемелерін одан әрі сапалы орындау, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру және халықпен кері байланысты нығайту міндеттері тұр.

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазақстан Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басуда. Бұл ауқымды өзгерістерге, қиын да жауапты шешімдерге толы кезең болары анық». Мұндай жағдайда билеуші партия ретінде «Nur Otan»-ға елдегі сабақтастық, саяси тұрақтылық және одан әрі дамуды қамтамасыз ететін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағыты төңірегінде қоғамды топтастыру жөніндегі ерекше міндет жүктелген», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, ол конференцияда «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының шешімімен «Белсенді қызметі үшін» партиялық наградасымен марапатталған филиалдың бұрынғы төрағасы Амандық Баталовқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Осы күні Бауыржан Байбек партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылған бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Ол облыстағы Оқушылар сарайына барып, онда 140-тан астам балаға 3D және интерактивті модельдерді жасау, бағдарламалау, құрастыру дағдыларын үйренуге мүмкіндік беретін жаңа «FAB LAB» инновациялық зертханасының жұмысымен танысты.

Бұдан соң партия Төрағасының бірінші орынбасары Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына барды. Онда ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер әйелдер жеңілдікпен несие алу, сату нарығын кеңейту, бизнес-жобаларды іске асыруда тәжірибелік көмек алу сияқты т.б. мәселелер бойынша кеңес алуына болады.

«Жалпы, партия сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың 11 айдағы қорытындысы бойынша өңірде 1 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй, 12 мектеп пайдалануға беріліп, 538 км жол салынды және жөнделді, 27 мың тұрақты жұмыс орны ашылды және т.б. Осындай жұмыстарды партия еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіп жатыр», – деп жазды ол сапарының қорытындысы туралы Facebook-тегі парақшасында.

  • 21.12.2021
  • 458
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика