• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру үдерісі автоматтандырылды

Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстанның күштік құрылымдары арасында бірінші болып әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру үдерісін автоматтандырды.

«Зейнетақы аударымдары» арнайы бағдарламасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен Қарулы Күштерде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде интеграцияланған. Зейнеткердің тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкіметтің» аумақтық филиалдарына зейнетақы төлеуге берілетін үзінділер мен хабарламалар электронды нұсқада жіберіледі.

Бағдарламаға 20 мыңнан астам адамды құрайтын зейнеткерлердің дербес деректер базасы көшірілді. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру орталығы мәліметтерді салыстыру және өзектендіру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын алдын ала және түпкілікті есептеп, зейнетақы төлемдерін тағайындау, қайта есептеу жолдары автоматтандырылды.

Бұдан өзге,  «Өтініштер тізілімі» модулі түрлендірілді, ол арқылы жергілікті әскери басқару органдары біржолғы төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау жөніндегі құжаттарды әскери зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелеріне бере алады. Елдің басқа өңірлеріне көшуіне байланысты төлемдерді тоқтата тұру (қайта бастау), дербес деректердің өзгеруі, еңбек өтілінің өзгеруіне байланысты қайта есептеу, елден тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің тоқтатылуы және басқа да себептерге байланысты процестер автоматтандырылған. Нәтижесінде төлемдерді тағайындау және алу мерзімін бір айдан бір аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Осы үдерісті автоматтандырудың арқасында зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелері 10-15 минут ішінде қажетті анықтамаларды ала алады. Бұрын бір зейнетақыға қатысты іс кем дегенде бір сағатқа созылатын.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы биыл желтоқсан айында төлемдерді тағайындау туралы sms-хабарлама таратуды іске қосты.

Деректерді цифрлау және зейнетақы тағайындау мен төлемді автоматтандыру жөніндегі жұмыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.

  • 23.12.2021
  • 418
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

Жақсылықов Р. Ф.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика