• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҢА БАҚЫТ ӘКЕЛСІН!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын!

Ерекше сәулелі, жүрекке жылылық сыйлайтын осы мерекеде алдағы жылға жоспар жасаймыз, асыл армандарымызды үкілеп, мақсат-міндеттерімізді белгілейміз.

2021 жылы еліміз үшін айтулы кезең - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы кеңінен атап өтілді. Осы уақыт аралығында іске асырылған ауқымды жетістіктерімізді қайта бір бағамдадық. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен алдымызға зор мақсаттар қойып, даму жолын жалғастырып келеміз.

Әрине, өткен жыл індет жағдайында бәрімізге оңай тиген жоқ. Дегенмен жұмыла жұмыс істеудің арқасында оң өзгерістерге қол жеткізілді, Жетісу өлкесінің одан әрі дамуына берік негіз қаланды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,7 трлн. теңгеге жетті, ал ауыл шаруашылығында құны 1 трлн. теңгеден астам өнім өндірілді. Бір жылда 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жолдағы тынымсыз еңбектеріңіз үшін, туған өлкені түлетуге деген ықыластарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет айтамыз.

Құрметті жерлестер! Жетістіктеріміз біздің ортақ жеңісіміз екенін, ал алда әлі талай асқар асулар күтіп тұрғанын әр жаңа жыл сайын сезінеміз. Жаңа жыл мерекесінің басты мән-мазмұны да осында, ол – болашаққа деген сенімімізді бекемдеу, алға ілгерілеуге талпындыру, жасампаздыққа деген ұмтылысты ояту. Сондықтан келер жылдың жақсылықтарға толы болатынына деген сеніміміз мол.

Жаңа 2022 жылда арман-мақсаттарыңыз орындалып, игілік-қуаныштар көп болсын. Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға молшылық пен береке тілеймін! Жаңа жылда тың бастамалар, биік белестер көп болсын!

Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!

  • 31.12.2021
  • 206
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика