• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Генералдар мен офицерлер, сержанттар мен сарбаздар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлері!

Құрметті ардагерлер!

Осы жыл Қарулы Күштер үшін күрделі жыл болды. Осыған қарамастан, біз барлық қиындықты жеңіп, алдымызға қойылған міндетті орындадық. Кәсіби шеберлікті арттыру, жауынгерлік әлеуетті нығайту, Қарулы Күштерді жетілдіру бойынша  жұмыс жалғасуда.

Әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы үлгілерімен жарақтандыру жалғастырылды.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасының әлеуметтік қорғалуын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылды.

Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әскерді одан әрі дамытуға негіз болатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бекітті. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы бекітілді. Оның орындалуы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды және әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Әскери доктринаны қайта қарау және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді сұранысқа ие мамандыққа үйрету жөніндегі тапсырмасы іске асырылуда.

Қарулы Күштер әскерлерді даярлаудың барлық жоспарланған, оның ішінде халықаралық іс-шараларды өткізді. Оқу-жаттығуларға Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдерімен қатар ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де қатысты.

Жауынгерлік даярлық Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысуымен өткен «Отпантау – 2021» командалық-штабтық стратегиялық оқу-жаттығуы және стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығуымен аяқталды.

Қазақстандық бітімгерлер Ливандағы, әскери бақылаушылар Батыс Сахарадағы миссияға қатысуды жалғастыруда. Алғаш рет бітімгершілік миссияға екінші деңгейдегі госпитальдың әскери-медициналық персоналы дайындалуда.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жаңа серпін алды. Басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» бағдарламасы әзірленді. Үш жыл ішінде «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы 236 мыңнан астам баланы қамтыды. Биылғы жылы «Айбын» жастар жиыны жетінші рет өткізілді.

2022 жыл біз үшін ерекше жыл, өйткені Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толады. Армия жауынгерлік сайыстың жаңа кезеңін «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өткізеді.

Қарулы Күштерді нығайту және оны одан әрі дамыту, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру мүддесіне қызмет ету – бұл әр әскери қызметшінің қасиетті борышы.

Сіздердің әскери борышқа адалдығыңыздың, ерен еңбегіңіздің арқасында азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Жаңа жыл мерекесінде жауынгерлік күзет шебінде тұрған әскери қызметшілерге  ерекше алғыс білдіремін.

Құрметті достар!

 Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл жақсылыққа толы, берекелі жыл болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын тілеймін!

  • 31.12.2021
  • 284
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

Жақсылықов Р. Ф.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика