- Блогтар
- Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
Алматы облысының әкімі
Алматы облысында облысаралық жолаушы тасымалы жанданды
Бүгін Алматы облысында облысаралық бағыттар бойынша жолаушы тасымалы жанданды. Ал облыс ішілік ауданаралық бағыттар кеше іске кірісті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталмыш бағыт кестелері сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейінгі уақытқа белгіленген. Ал түнгі рейстер еліміздегі төтенше жағдай режиміне аяқталғанға дейін әзірге жүрмейді.
Сонымен қатар бүгіннен Алматы қаласы маңындағы маршруттар да қайта жүре бастады.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- 13.01.2022
- 432


