• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тәжікстанның мемлекеттік банкі Қазақстаннан инвестиция тарту үшін алғаш рет аккредитивтер шығарды

Тәжікстан Республикасының жүйе құраушы «Амонатбонк» мемлекеттік жинақ банкі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін алғашқы аккредитивтерді шығарды, олардың шеңберінде Қазақстаннан металл илегі мен автокөлік сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды. Қаржыландыру «KazakhExport» мемлекеттік компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық қаржы институттары есебінен жүзеге асырылды, жиынтық лимит 5 100 000 АҚШ доллары көлемінде белгіленді.

Қаржыландыру Душанбе қаласының таксопаркін кеңейтуге және тұрғын-үй құрылысы жобасына «Холдинг Азия групп Таджикистан» ЖАҚ инвестицияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын болады.

Тәжікстандағы KazakhExport-тың шетелдік өкілі Рамеш Худоиев: «Бүгінгі таңда «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-мен 175 бірлік көлемінде JAC маркалы автомобильдерді жеткізуге жалпы сомасы 2,5 млн АҚШ долларына, сондай-ақ «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-мен құрылыс арматурасын жеткізуге 10 млн АҚШ долларына шарт жасалды. Мұндай мәмілелердің жасалуы - ең алдымен ел экономикасына инвестициялар», - деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр отандық тауарлардың жеткізілімін арттыру қажеттігін айтқан болатын. KazakhExport осы бағыт бойынша Тәжікстаннан келген сатып алушылармен тиімді өзара іс-қимыл орнату бойынша жұмыс жүргізуде.

Тәжікстан Республикасындағы KazakhExport кеңсесі 2019 жылы ашылды. Осы кезеңде Қазақстаннан Тәжікстанға өнімдер мен қызметтер экспортын жүзеге асыратын өнеркәсіптің түрлі салаларындағы қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша бірқатар жобалар іске асырылды.

Атап айтқанда, Тәжікстандағы инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді, оның ішінде «Сомон Эйр» ЖШҚ әуекомпаниясы үшін 2 млн еуродан астам сомаға «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-нің Н125 Airbus Helicopters маркалы тікұшағын жеткізу қаржыландырылды.

Тәжікстанға «Шымкентмай» АҚ өндірушісінің өсімдік майын және «Алматы өнімі» АҚ, «Рахат» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ өндірушілерінің кондитерлік өнімдерін жеткізу, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісінің металл илегін ТР-дағы ірі жобалар құрылысы үшін жеткізу «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС өндірісінің автобустарын ТР-дағы өңірлік тасымалдар үшін жеткізу, «Казогнеупор» ЖШС өндірісінің металлургиялық салаға арналған өнімін жеткізу, «Қазфосфат» ЖШС өндірісінің тыңайтқыштарын ТР-дағы ауыл шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жеткізу қаржыландырылды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 604,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ға жоғары (436,4 млн. АҚШ доллары). Бұл ретте осы кезеңде өңделген тауарлардың өзара саудасы 284,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары (245,8 млн. АҚШ доллары). 2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 280,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Анықтамалық:
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

  • 24.01.2022
  • 285
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика