- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммедтің 2008 жылғы 4 қарашадағы «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысындағы сөйлейтін сөзінің тезистері
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы,
Үкімет мүшелері!
Еліміздің мәдени мұрасы – орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Соныдықтан да осыдан бес жыл алдын Елбасы 2003 жылғы сәуірдегі Қазақстан халқына жолдауында «Мәдени мұра» арнайы орта мерзімді Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын.
Осылайша, 2004 жылы ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту жөніндегі жұмыстар басталған болатын. Жалпы алғанда, «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толықанды қорын құру жөнінде өте қомақты нәтижелерге қол жеткізілді, ол елдегі және шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға және өзінің әрі қарай іске асырылу құқығына ие болды.
«Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі жетістіктері туралы айтқанда келесілерді атап өткім келеді:
Біріншіден, біздің бағдарламамыз тек ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. Атап айтсақ, 2006 жылғы сәуірде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде бағдарламаның тұсаукесері табысты өтті. Онда ол шетелдік сарапшылардың оның бірегейлігін атап өткен жоғары бағасына ие болды. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының Америка Құрама Штаттары, Германия, Тәжікістан, Иран, Египет, Украина, Қытай, Белорусия және басқа да мемлекеттердегі таныстырылымы үлкен қызығушылық тудырды.
Екіншіден, бағдарламаны іске асыру барысында ұлттық мәдениеттің сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және зерттеудің тұтас жүйесі құрылды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толықанды қорын құру жөніндегі қадамдар жасалды.
Үшіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы елдің жаңа тарихи-мәдени ландшафтының қалыптасуына игі әсерін тигізді. Бағдарламаның шеңберінде бір жағынан мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және сирек кездесетін бағалы нәрселерді жинақтау жөніндегі жұмыстар жүргізілсе, екінші жағынан – «ақ дақтармен» таңбаланған өзіндік тарихымыз тұтастай қайта қалпына келтірілді.
Төртіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыра түсті. Және біз бүгін қуатты тарихи және мәдени негіздердің азаматтық және патриоттық құндылықтардың өсуіне нақты жағдай жасайтынын растайтын бұқаралық санада маңызды өзгертулерді байқай аламыз.
Жалпы алғанда, өткен төрт жылда 51 тарих және мәдениет ескерткіштерінде жаңғырту жұмыстары, Қазақстан территориясындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесін және Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстар басталып кетті.
Маңызды жетістіктердің бірі Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты екі ғажайып ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар Тізіміне енді. Аталған тізімге ұсынылған келесі ескерткіш ежелгі Отырар қаласы болып отыр.
218 объект Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік Тізіміне енгізілді. Ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерінде 30 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Онан басқа, мұражайлар мен кітапханалардағы құжаттарды сандық жүйеге көшіру, тарихи-мәдени мұралардың ақпараттық жүйесін қалыптастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың барлығы халықтың тарихи мұраларға ыңғайлы әрі заманауи жүйеде қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. («Қазақстанның элекетрондық кітапханасы», «Мәдени мұра» веб-порталы).
Жалпы осы күнге дейін «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға 6 миллиард теңгеге жуық бөлінді.
Сонымен қатар, осыншама кең ауқымды бағдарламаны қысқа мерзімде іске асыру іс жүзінде мүмкін еместігін атамауға болмайды. Елбасымыз Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаев атап өткендей «Мәдени мұра» бағдарламасы өзіміздің түбірімізді әрі қарай зерттеуге және біздің байтақ еліміздің тарихы мен мәдениетін бүкіл әлемге танытуда қалай жүру қажеттігі жөнінде дұрыс бағыт көрсетті.
Және біз бүгін Сіздердің назарларыңызға оның әрі қарай іске асырылуы және тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және сақтау саласындағы жаңа жолдарды ұсынғалы отырмыз.
Министрлік Мемлекет басшысының 2008 жылғы 13 маусымда өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының Тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірледі.
Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу болып табылады.
Қойған мақсаттарға жету үшін күш-жігерді мынадай негізгі міндеттерге жұмылдыру қажет.
Біріншіден, тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Екіншіден, шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету жалғасатын болады.
Үшіншіден, тарихи-мәдени мұраны қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару және әрине халықаралық кеңістікте кеңінен насихатту маңызды болып табылады.
Осының аясында біз Тұжырымдаманы іске асырудың алты басым бағытын ұсынамыз.
Бірінші бағыт ұлттық рәміздерді қалыптастыруды қамтиды. Бұл бағыттың шеңберінде өзінің бірегейлігінің арқасында ұлттық рәміздер болатын және халықты біріктіру функциясын жүзеге асратын мемлекеттілігіміздің асыл қазыналарын қайта жаңғырту жоспарланып отыр – олар Есік, Берел қорғандары және Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштер.
Екінші бағыт Ұлы Жібек жолының тарихи орындары негізінде мәдени туризмді дамыту мәдени туризмді дамытуды көздейді. Осы бағытта біз Ұлы Жібек жолының магистральді учаскілеріндегі қорық-мұражайлардың дамуын анықтайтын Бас жоспар құруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, барлық тарихи орындарды мұражайландыру жүзеге асырылады. Әр мұражай халықтың басынан өткен күрделі тағдырды танытып, Қазақстан тарихын кезең-кезең бойынша көрсететін болады.
Үшінші бағыт ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау жөніндегі жұмыстарды қамтиды. Мұнда Берел мен Есік қорғандары, Түркістан қаласы мен Отырар қалашығының ескерткіштері, өзге де тарихи орындар туралы халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасалып, оларды «Би-би-си», «Дискавери» сияқты әйгілі әлемдік телеарналардан көрсетуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сол сияқты бұл бағыттың шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар, көрмелер ұйымдастырылатын болады. Атақты шетелдік зерттеушілермен, іргелі ғылыми орталықтармен бірге жалпыәлемдік мәдени құндылықтар тұрғысынан ұлттық мұрамызды зерделеу жүзеге асырылады.
Төртінші бағыт Өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеуді көздейді. Ірі тарихи қалашықтарда мен қоныстарда археологиялық зерттеулер жүргізу, мәдени мұра мәселелері бойынша мемлекеттік тілдегі кітаптардың жаңа серияларын әзірлеп шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Бесінші бағыт жүйеленген білімді оқу процесіне енгізуді көздейді. Бұл ең алдымен, жас қазақстандықтарды патриоттық рухта, халқына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу қажеттігіне негізделген.
Алтыншы бағыт Саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыруды қарастырады. Біздің саланың жоғары деңгейлі аудармашы, тарихшы, этнографтар және т.б. мамандарды қажет ететіндігі жасырын емес. Осыған байланысты тиісті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, жас мамандардың халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуларын қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерінің еліміздің және шет елдердің үздік мәдениет мекемелерінде біліктілік мектебінен өтуін ұйымдастыру жөніндегі бір қатар шаралар қарастырып отырмыз.
2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын Тұжырымдаманың негізгі бағыттары міне осындай. өз кезегінде оның орындалуының нәтижелілігіне мониторингті мақсатты индикаторлар мен сапа көрсеткіштерін бақылау арқылы жүргізу жоспарлануда.
Қоғамдық кеңес бұрынғысынша бағдарламаның іске асу жөніндегі қызметінің негізгі үйлестірушісі болып табылады.
Жалпы алғанда, құрметті Үкімет мүшелері, біздің тұжырымдамамыз елдің тарихи-мәдени мұрасын тек қалпына келтіру мақсаттарымен ғана шектелмейді. Оның негізгі көздейтіні – бұл қоғамдық санада тарихи мұраларды халықты біріктеру символы, ел бүтіндігінің және ұлттық танымды нығайтудың факторы ретінде қалыптастыру болып табылады.
Жобаны іске асыруға Министрліктің 2009-2011 жылдарға арналған бюджетінде үш жарым миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Сайп келгенде, ұсынылған Тұжырымдама «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын еліміздің тұрақты даму стратегиясының маңызды факторының біріне айналдыруға деген жасалған қадамдардың бірі болып табылады.
Назарларыңызға рахмет.
Уважаемый Карим Кажимканович,
члены Правительства!
Культурное наследие страны – духовный, культурный, экономический и социальный капитал, имеющий невозместимую ценность. Именно поэтому Президентом страны 5 лет назад в апреле 2003 года в Послании народу Казахстана было поручено реализовать специальную среднесрочную Государственную программу «Культурное наследие».
Так, в 2004 году была начата большая работа по обобщению многовекового опыта национальной культуры и письменности. Став беспрецедентной в истории Казахстана плодотворной гуманитарной акцией, программа «Культурное наследие» получила широкий резонанс и право на свою дальнейшую реализацию.
Говоря об основных достижениях программы «Культурное наследие» особо хочу отметить, что
во-первых, наша Программа имела успех не только в странах СНГ, но и в странах дальнего зарубежья. Так, в 2006 году успешно прошла презентация Программы в Штаб-квартире ЮНЕСКО в Париже, где она получила высокую оценку зарубежных экспертов, отметивших ее уникальность. Широкий интерес вызвали презентации исторического и культурного наследия Казахстана в Соединенных Штатах Америки, Германии, Таджикистане, Иране, Египте, Украине, Китае, Белоруссии и ряде других стран.
Во-вторых, при реализации программы была создана целостная система изучения и обобщения многовекового опыта национальной культуры. Впервые после приобретения независимости страны были предприняты шаги по созданию на государственном языке полноценного фонда гуманитарного образования.
В-третьих, программа стала ключевым этапом в постепенном формировании нового культурно-исторического ландшафта страны. В рамках Программы, с одной стороны велась работа по восстановлению культурных ценностей и сбору раритетов, с другой - восстанавливалась целостность собственной истории, изобиловавшей «белыми пятнами».
В-четвертых, реализация госпрограммы «Культурное наследие» имела большое значение для повышения интереса казахстанцев к своей истории и культуре. И сегодня мы можем наблюдать важные изменения в массовом сознании, подтверждающие, что наличие мощного исторического и культурного базиса реально способствует росту гражданственности и патриотических ценностей.
В целом, за прошедшие четыре года были завершены реставрационные работы на 51 памятнике истории и культуры, проведены сезонные археологические исследования 39-ти городищ, поселений, стоянок, могильников и курганов на территории Казахстана. Начаты работы по строительству этнокультурного центра и мавзолея Аль-Фараби, реставрации мавзолея Султана Бейбарса в городе Дамаске и мечети Султана Бейбарса в городе Каире.
Одним из важных достижений стало включение в Список Всемирного Наследия ЮНЕСКО двух уникальных памятников - мавзоля Ходжи Ахмеда Яссауи и археологического комплекса Тамгалы. Следующим памятником, номинированным в данный Список, является древний город Отрар.
218 объектов вошли в Государственный Список памятников истории и культуры Казахстана. Проведено 30 прикладных научных исследований архитектурных и археологических памятников, имеющих особое значение для национальной культуры.
Кроме того, большая работа связана с переводом в цифровой формат музейных и библиотечных документов, формированием информационной системы историко-культурного наследия. Вся эта работа направлена на обеспечение доступа населения к историческому наследию в удобном современном формате («электронная библиотека Казахстана», веб-портал «Национальное наследие»).
В целом до сегодняшнего дня на реализацию программы «Мәдени мұра» было выделено почти 6 миллиардов тенге.
Вместе с тем, нельзя не отметить, что реализация столь широкомасштабной программы за короткий промежуток времени практически невозможна. Как отметил Президент страны Нурсултан Абишевич Назарбаев «Программа «Культурное наследие» показала нам верное направление, в котором необходимо двигаться, чтобы дальше изучать свои корни и показать всему миру культуру и историю нашей огромной земли».
И сегодня мы готовы представить вашему вниманию наше виденье по дальнейшей ее реализации и обозначить новые пути в области изучения и сохранения историко-культурного наследия.
Так, согласно поручению Главы государства, данного на заседании Общественного совета по реализации программы «Культурное наследие» 13 июня т.г., министерством разработана Концепция стратегического национального проекта «Культурное наследие» на 2009-2011 годы.
Основной целью данной Концепции является дальнейшее совершенствование научной, социально - экономической и организационно-методической базы для развития духовной и образовательной сфер, выработка действенных механизмов повышения эффективности охраны и использования объектов историко-культурного наследия.
Для достижения поставленной цели необходимо сконцентрировать усилия, прежде всего, на решении следующих основных задач.
Во-первых, необходимо создать благоприятные условия для сохранения и дальнейшего развития историко-культурного наследия.
Во-вторых, будет продолжено комплексное исследование национального наследия совместно с иностранными учеными, крупными научными центрами с целью включения его в мировой научный оборот.
В-третьих, принципиально важным является перевод историко-культурного наследия в сферу общественного знания и массовой информации, и, конечно, его активная пропаганда на международной арене.
При этом мы предлагаем шесть приоритетных направлений реализации Концепции.
Первое направление включает в себя формирование национальных символов. В рамках данного направления планируется отреставрировать золотые сокровища нашей государственности, которые в силу своей уникальности должны стать национальными символами страны и выполнять консолидирующие функции – это курганы Иссык, Берель и ряд значимых памятников в городе Туркестан и городище Отрар.
Второе направление предполагает развитие культурного туризма на базе исторических мест Великого Шелкового пути. В данном направлении мы планируем разработать Генеральный план, определяющий развитие музеев-заповедников на магистральных участках Шелкового пути. А также провести музеефикацию всех исторических мест, показав поэтапно историю Казахстана, создав ощущение соответствующей эпохи.
Третье направление включает в себя работу по пропаганде национального исторического наследия на международном уровне. Здесь планируется создание высококачественных и содержательных документальных фильмов об исторических местах Казахстана и организовать их пока на таких мировых телеканалах как «Би-би-си» и «Дискавери». Кроме того, в рамках данного направления будут организованы международные конференции, выставки, направленные на популяризацию историко-культурного наследия нашей страны. Совместно с авторитетными зарубежными исследователями, крупными научными центрами будет вестись работа направленная на изучение национального наследия в контексте общемировых культурных ценностей.
Четвертое направление сфокусировано на комплексном изучении историко-культурного наследия, найденного за предыдущие пять лет. Планируется организовать работу по археологическим исследованиям крупных исторических городов и поселений, разработь и выпустить новые серии книг по вопросам историко-культурного наследия на государственном языке.
Пятое направление предполагает включение систематизированных знаний в учебный процесс. Это обосновано, прежде всего, необходимостью воспитания молодого поколения казахстанцев в духе патриотизма, любви к родному народу и его традициям.
Шестое направление предусматривает реализацию кадровой политики как стратегического ресурса развития отрасли. Не секрет, что наша сфера нуждается в высококвалифицированных кадрах - переводчиках, реставраторах, этнографах и др. В этой связи нами предусмотрен ряд мер по обеспечению подготовки соответствующих специалистов, участия молодых работников культуры в международных обучающих программах, организации стажировок для обмена опытом в странах ближнего и дальнего зарубежья.
Таковы основные направления Концепции, реализация которых будет осуществлятся согласно Плану мероприятий стратегического национального проекта «Культурное наследие» на 2009 – 2011 годы. В свою очередь, мониторинг эффективности его исполнения планируется вести через контроль целевых индикаторов и показателей качества.
Основным координатором деятельности по реализации Программы, как и прежде, является Общественный совет.
В целом, уважаемые члены Правительства, хочу отметить, что наша Концепция не ограничивается сугубо утилитарными целями восстановления историко-культурного наследия страны. Главное ее предназначение – это достижение позитивных сдвигов в общественном сознании, когда историческое наследие становится символом единства народа, целостности страны и является консолидирующим фактором национального самосознания.
Средства на реализацию проекта предусмотрены в бюджете министерства на 2009-2011 годы в размере трех с половиной миллиардов тенге.
Таким образом, представленная Концепция это попытка преобразовать стратегический национальный проект «Культурное наследие» в один из ключевых факторов стратегии устойчивого развития страны.
Спасибо за внимание.
- 25.02.2009
- 13675