• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Жетісу» радиосы іске қосылды

Алматы облыстық «Жетісу» радиосы әуе толқынына шықты. «Жетісу» телеарнасы базасында іске қосылған жаңа ақпарат құралының Жетісудың барлық аймағына, соның ішінде шекаралық өңірлеріне де кедергісіз хабар таратуға мүмкіндігі бар, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Жетісу» телеарнасын басқарған белгілі тележурналист Бейсен Құранбек радио ашу туралы бастама көтерген болатын.  Бұл істі оның әріптестері Серік Сарыбай, Досан Қызайбековтер соңына жеткізіп, бүгін «Жетісу» радиосының ресми ашылуын өткізді.

Салтанатты жиында құттықтау тілегін білдірген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек:

- Қазіргі кезде шынайы ақпарат тарату, идеологиялық бағытты нығайту – басты назарда. Бұл ретте «Жетісу» радиосының қосатын үлесі зор болады деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан әрдайым қолдау көрсетеміз. Жаңа ұжымға табысты жұмыс тілеймін, - деді ол.

«Талдықорғаннан сөйлеп тұрмыз», - деп әуе толқынына шыққан радио салтанатты ашылу рәсімін толықтай тікелей эфирде берді.

«Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Данияр Сейсенбаевтың айтуынша, арнаға тыңдарман тәулік бойына әр өңірде әртүрлі жиілікте қосыла алады.  Мәселен, Талдықорған қаласында - 107.2, Жаркент - 106.5, Текелі - 104.8, Үшарал - 104.3, Лепсі -103.8, Балқаш ауданы, Балатопар елдімкенінде -102.1, Құйған - 101.7, Райымбек ауданындағы Қызылұш, Жалаңаш ауылдарында 100 жиілігінен эфирге шығады. Болашақта «Жетісу» радиосының толқыны облыстың барлық аумағына таралады. Қазір осы бағытта техникалық және құжаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 

Радио ақпараттық-танымдық бағытта жұмыс істейді. Ұжымға белгілі қаламгер Есболат Айдабосын жетекшілік етеді. Мұнда саланың қыр-сырын меңгерген Айнұр Төлеу, Мұхит Тоқтасын, Салтанат Жексембек, Аршын Айдынбекұлы сынды редакторлар еңбек етеді. Музыкалық әрлеу, қадағалау Мақсат Арыстанбаев пен дыбыс режиссері Сафа Серғазының мойнында. Шығармашылық құрам алдағы уақытта тағы да жаңа мамандармен толыға түспек. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 

  • 02.02.2022
  • 373
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика