- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
«Жамбыл су» МКК
Өткен жылдың қорытындысымен ірі кәсіпорын басшыларының есептерін тыңдауды жалғастырып жатырмын. Кезекті кездесу «Жамбыл су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өтті.
Кәсіпорын басшысы Медет Беркімбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. «Жамбыл су» МКК 104 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Өткен жылы абоненттер саны 1460-қа артқан.
«Жамбыл су»-да қазіргі таңда 588 адам жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ел Президентінің тапсырмасына сәйкес қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өскен.
Кәсіпорын теңгерімінде 69 бірлік техника бар, оның 26 пайызы ескірген. Бұл мәселені қала әкімі Ержан Жылқыбаевқа бұл мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырдым.
Қызметкерлер ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқанын жеткізді.
Теңгерімге алынуы тиіс иесіз желілер, люктері ашық, олардың ұрлану мәселелеріне назар аударуды, тұрғынүйлік есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыстарды жандандыру бойынша жұмыстар жүргізуді міндеттедім.
- 03.02.2022
- 180