• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жетінші сынып оқушысы өз мектебінің сайтын жасады

Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында Ж.Сыдықов атындағы орта мектептің 7 «б» сынып  оқушысы Тимур Брижанов өз мектебінің ресми сайтын жасап шықты. Ол осы жобасымен облыстық «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауында «Медиа жобалар» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иегері атанды.

- Сайт жасауды Youtube желісінің көмегімен үйрендім. Жетекшім, информатика пәнінің мұғалімі Гүлжан Құлынбаеваның бағыт беруімен қосымша әдебиеттерді оқып, сайт жасауға арналған тегін Github хостингін пайдаландым. Сайт үш тілде жүргізіледі. Алдағы уақытта мазмұны мен форматын әлі де жетілдірсем деймін, - дейді Тимур Брижанов.

Сайтқа кірушілер мектептің тарихымен, тыныс-тіршілігімен, ұжым құрамымен, соңғы жаңалықтармен таныса алады. Жас өнертапқыштың айтуынша, болашақта онлайн кітапхана құру қолға алынады. Мектептің сайтына QR код арқылы кіру жоспарланып отыр.

- Оқушым сайт жасау туралы ұсыныс білдірді. Сөйтіп екеуміз бұл іске бірлесе кірістік, мен негізінен бағыт беріп отырдым. Мектептің тарихи мәліметтерін жинақтауға, басқа да қажетті ақпараттарды үш тілде толықтыруға мектеп басшылығы көмектесті. Сайтты әзірлеуге екі жылдай уақыт кетті. Балалар жылында бұл біздің мектеп үшін үлкен қуаныш болып отыр. Бүгінгі таңда мектептегі талапты оқушыларға қосымша сабақтар жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте маған Тимур Брижанов білікті көмекші болып жүр. Қазіргі кезде сайт жасауға деген қызығушылығы бар 8-10 сынып оқушыларынан топ құрдық. Оларға аптасына екі рет сабақ жүргізіледі, - деді Г.Құлынбаев.

Ақсу аудандық әкімдігінің хабарлауынша, мектеп сайтын қолға алғанға дейін Т.Брижанов санитарлық авиация саласында қолданылатын тікұшақ макетін құрастырған. Осы жобасымен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауында «Авиация саласындағы жобалар» номинациясы бойынша жүлделі 1 орын иегері атаныпты. Тимур болашақта техник-бағдарламашы болуды армандайды. Ол арманына жетуге қазірден-ақ қадам жасап келеді.

Тимурдың тағы бір жоспары - болашақта дүкендерге арнап сайт жасау. Осы арқылы тұтынушы ауылдағы барлық дүкендердегі қажетті азық-түлік бағасын сараптап, арзанын таңдауға мүмкіндік алады деп есептейді. Сонымен қатар үйде отырып қажетті тауарға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік жасау көзделуде.

Атап өтерлігі, облыстағы мектептерде 227 робототехника үйірмесі жұмыс істейді. Оларда 2500-ге жуық бала дәріс алуда. Сол сияқты заманауи техникамен және тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген 119 ІТ сынып пен 21 STEM кабинеттерінің қызметі оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастырып, жаңа идеялармен жұмыс істеу машығын жетілдіруде.  

 

  • 07.02.2022
  • 326
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика