- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО әкімінің төрағалығымен медициналық ұйымдарға арналған жабдықтарды Мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айының ортасында облыс әкімі қаланың, облыс аудандарының медициналық мекемелері үшін қажетті медициналық жабдықтарға кешенді талдау жүргізу және нақты және негізделген сатып алу жоспарын дайындау үшін арнайы сараптама комиссиясын құруды тапсырған болатын.
Осы уақыт ішінде сарапшылардың, облыстың бас дәрігерінің, тәжірибелі мамандардың қатысуымен комиссия отырыстарында медицина саласындағы қордаланған мәселелер талқыланып, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудағы басымдықтар және жол картасы әзірленді.
Жиында облыстық басқарма басшысы Арман Қалибеков 2022 жылға арналған денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін арттыруға және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар туралы айтып берді.
Баяндама барысында денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелер атап өтілді. Олар облыста III-IV сатыдағы онкологиялық науқастардың, туа біткен даму кемістігі бар балалар санының артуы, тұрғындардың жақын және алыс шетелдердің медициналық көмегіне жүгінуі, "Емдеу сағаты" шеңберінде медициналық көмек көрсетудің болмауы. Бұдан басқа, медициналық жабдықтар қорының облыс бойынша 80% - дан астамының тозуы. Қажетті жабдықтардың болмауына байланысты медициналық кадрлар қолда бар кәсіби дағдыларды практикада қолдану мүмкіндіктерімен шектелген.
А.Қалибеков өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудағы басым бағыттарды атап өтті. Бұл-босандыру, кардиологиялық, кардиохирургиялық, онкологиялық, травматологиялық көмекті, хирургиялық бейін мен МСАК деңгейіндегі скринингті дамыту.
Басқарма басшысы осы бағыттарды іске асыру үшін тиісті жабдықтардың тізімін ұсынып, бұл техникада жұмыс істей алатын білікті кадрлармен алдын-ала толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Жабдықтар аталған қызметтерге сәйкес және аудандарда да, облыс орталығында да бар мамандарға сәйкес таңдалады.
– Біздің мақсатымыз- диагностика немесе операциялық қызметтер алу үшін тұрғындардың ауданнан немесе облыстан тыс жерлерге шығуын қысқарту.
Осылайша біз жерлестеріміздің уақыты мен қаржысын үнемдейміз. Бірақ ең бастысы-тұрғындарға уақытылы көмек алуға мүмкіндік беру.
Бізде аудандарда мамандар бар. Олар сол жерде кәсіби қызмет көрсете алады және көрсетуі тиіс. Қазір адамдар ем алу үшін облыс орталығына келуге мәжбүр. Ауданның медицина қызметкерлері өз біліктіліктерін көрсету үшін тиісті жалақымен және жұмыспен қамтылуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.
Ауданның бас дәрігерлері жауапты кадрлар даярлауға және арнайы сатып алынан медициналық құрал-жабдықтар сатып алынатын орындарға жауапты болуы тиіс.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экономика басқармасы медициналық жабдықтарды сатып алудың жолдарын ұсынады. Сонымен қатар, Ғали Есқалиев қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесін ұсынғаннан кейін бөлінетінін атап өтті.
- Медициналық жабдық ең қолайлы баға бойынша болуы тиіс, бұл ретте оған техниканың қызмет көрсету құнынан (мысалы 5-10 жыл кезеңінде) бағасынан аспауы тиіс, – деді облыс әкімі.
Отырыс барысында қалада және аудандарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін арнайы автокөлік сатып алу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өңір басшысы денсаулық сақтау басқармасына талдау жүргізіп, қажетті көліктің толық сипаттамасын және оны сатып алу жолдарын ұсынуды тапсырды.
Облыс әкіміне кейбір медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің де шағым түседі. Бұл әсіресе емделушілерге немқұрайлы қарау. Өңір басшысы бас дәрігерлерден дәрігерлер тарапынан формализмге жол бермеу үшін ұжымдармен әңгімелесуді талап етті.
- 15.02.2022
- 195