- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Қырғызстанға әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісім ратификацияға дайындалуда
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын әзірледі.
Үкімет Қаулысының жобасы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.
Келісімнің мақсаты Қазақстанның Қырғызстанға әскери мүлікті бір реттік беруіне құқықтық негіз жасау. Бұл Қырғызстан Қарулы Күштерінің аймақтық қауіпсіздікке төнген қатерлерге тойтарыс беру әлеуетін күшейтеді.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14004921.
- 17.02.2022
- 196