- Блогтар
- С.М. Ахметов
С.М. Ахметов
ҚР ӘМ ЗМҚК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры
Kazpatent Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқыту вебинарын өткізді
17 ақпанда Kazpatent Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін «Зияткерлік меншік ҚР креативті индустриясын дамытудың негізі ретінде» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Вебинарға 50 студенттер мен оқытушылар қатысты, спикерлер ретінде Авторлық құқық басқармасы мен Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) сарапшылары қатысты.
Кездесу қатысушылардың қызығушылығын тудырып, олар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды, айтылған тақырыптардың өзектілігін және спикерлердің кәсібилігін атап өтті.
Сондай-ақ, Ғылыми жұмыс жөніндегі Проректор Қабыл Заманбекұлы Халиков өткізілген вебинарға ризашылығын білдіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға ниетін білдірді.
- 22.02.2022
- 232