• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Иран сауданы кеңейту жолдары мен капиталды репатриациялау тәсілдерін талқылауда Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kazakstan-men-iran-saudany-keneytu-zholdary-men-kapitaldy-repatriaciyalau-tasilderin-talkylauda-2214216 Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Тегеранда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ИИР ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Нежадтың тең төрағалығымен Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы өтті.

Тараптар сауда, экономика және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, банк ісі және т. б. салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Отырыс кезінде Қазақстан Иранға үкіметаралық процестерді айналып өтіп, екі елдің бизнесі арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін Қазақстан-Иран Іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Сауда ынтымақтастығын кеңейту шеңберінде Қазақстан мен Иран саудаға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуге және экспорттаушы кәсіпорындарға қолдау көрсетуге мүдделілігін растады.

Бақыт Сұлтанов Иран тарапына әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесімен алмасуды ұсынды.

«Біздің есептеулеріміз бойынша, болашақта қазақстандық компаниялар Иран нарығына $162,3 млн сомасына түрлі салалардың 60 өңделген тауарларын жеткізуге дайын, бұл металлургия, тамақ, машина жасау, химия, фармацевтика салаларының өнімдері, сондай-ақ құрылыс тауарлары», — деді Б. Сұлтанов.

Отырыста қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің Иран нарығына қолжетімділігі мәселесі талқыланды. Сөз Иранға өнім импортына рұқсаттарды бекіту, сондай-ақ Иранның Халал талаптарына сәйкес сертификаттауға қолдау көрсету туралы болып отыр. Ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар саласында тұрақты ақпарат алмасуды жүргізу, сондай-ақ сауда рәсімдерін жеңілдетуге жәрдемдесу туралы шешім қабылданды.

Тегеран Қазақстан тарапына Иранның ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының, мысалы, жемістер, көкөністер, кептірілген жаңғақтар және т.б. Қазақстан нарығына экспортын қолдау туралы өтінішпен жүгінді

ҮАК барысында Қазақстан мен Иран Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды:

- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті және Иран ұлттық стандарттау ұйымы,

- ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығы және ИИР Ұлттық аккредиттеу орталығы,

- Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт) және Иран ұлттық стандарттау ұйымы.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Иран арасындағы инвестициялық ынтымақтастық бойынша консультативтік кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Иран тарапы ауыл шаруашылығы орау орталықтарын құру үшін «Энзели» еркін экономикалық аймағына қазақстандық инвестиция салуға, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін өңірдегі жұмыс істеп тұрған өндірістік бөлімшелерді пайдалануға мүдделі. Қазақстан тарапы Иран тарапына Қытайға экспортқа бағдарланған өндірістер құру үшін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының алаңын қарауды ұсынды.
Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытуға ерекше назар аударылды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде АЭА аумағында жеңіл өнеркәсіпте, оның ішінде кілем және басқа да өнімдер өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, ирандық IDRO Group инженерлік-техникалық жобаларды іске асыру үшін қазақстандық компаниялармен консорциум құруға дайын екенін білдірді.

Тараптар сондай-ақ тау-кен саласында ынтымақтасу ниетін растады. Сөз темір кені мен бокситтерді сатып алуға ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, сондай-ақ инженерлік-техникалық ынтымақтастықты дамыту және пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге инвестициялау мүмкіндігі болып отыр.

Сондай-ақ, тау-кен металлургия секторындағы бірлескен өндірістерді кеңейту әлеуеті талқыланды.

Қазіргі уақытта Иранда қуаты 650 МВт болатын Ирандағы бірінші көмір электр станциясын және қазақстандық ғалымдар әзірлеген, өнімділігі жылына 550 мың тонна ферросиликоалюминий болатын («Қазақстандық» қорытпа) жаңа кешенді қорытпа шығаратын металлургиялық өндірісті салу жөніндегі жоба іске асырылуда.

Ирандық IMIDRO холдингі Қазақстанда Борлы мыс-молибден кен орнын барлауға және игеруге инвестиция салады (Қарағанды облысы). Қуаты жылына 5000 тонна катодты мыс өндіруге жететін гидрометаллургия зауытының құрылысы басталды.

Иранның металлургия саласын дамытудағы және темір кенін өндіруді арттырудағы жоспарларын ескере отырып, Қазақстан ынтымақтастықтың ағымдағы бағыттарын тереңдетуге және жаңа бағыттарын дамытуға мүдделілігін растады. Денсаулық сақтау саласында тараптар GMP (Good Manufacturing Practice) және елдердің ұлттық заңнамаларына сәйкес шарттарда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құруды пысықтауға уағдаласты. Талқыланған мәселелердің үлкен блогы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналды.
Екі елдің қосымша жүк ағындарын тарту, Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша тиімді тарифтік шарттарды белгілеу және Үндістан мен Парсы шығанағы елдерінен Иран-Қазақстан, Орталық Азия және Ресей бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруды пысықтауға бірлескен күш-жігер жұмсау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Қытай/Иран/Түркия бағыты бойынша және кері Инчебурун және Сарахс шекаралық өткелдері арқылы контейнерлік пойыздардың қозғалысын жандандыру бойынша шаралар қабылданды.

Тараптар сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылды кеңейту перспективасын талқылады.

Қазіргі уақытта ЕАЭО елдері мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы толық форматты келісім жасасу бойынша келіссөз жүргізілуде. Толық форматты келісім кедендік баждарды тауар номенклатурасының кемінде 80%-на алып тастауды және/немесе төмендетуді көздейді, бұл біздің елдеріміз арасындағы сауданың өсуіне ықпал ететін болады. Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі екі ел арасындағы өзара есеп айырысудың тиімді және қауіпсіз тетігін әзірлеу болды.

Тараптар екі ел арасындағы сауданы жеңілдету үшін тиісті әдістер мен құралдарды айқындау үшін банктік ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комитет құру мүмкіндігін қарауға уағдаласты. Сондай-ақ екіжақты сауда қорлары бойынша есеп айырысу үшін екі елдің жергілікті валюталарын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу қажет. 

Сонымен қатар, Иранның экспортқа кепілдік беру қоры мен «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы екі ел арасындағы саудаға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру аясында Қазақстан ирандық әуе компанияларына Қазақстан мен Иран арасындағы тұрақты рейстерді қайта бастауды ұсынды.

Тараптар 2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің бірлескен комиссиясының 18-отырысын өткізуге келісті.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kazakstan-men-iran-saudany-keneytu-zholdary-men-kapitaldy-repatriaciyalau-tasilderin-talkylauda-2214216

  • 22.02.2022
  • 356
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика