• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БИЫЛ ДА ЖАЙЫҚТАҒЫ СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Жайық өзенінің тартылып кетуінің басты себебін климаттық ахуал мен антропогендік факторға байланысты деп атады.

Бұл жайында трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі бойынша БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
– 1925-2021 жылдары Жайық – Көшім арнасы бойынша судың ортакөпжылдық ағыны – 9,58 км3 болған. Соңғы 20 жылда бұл көрсеткіш 8,14 км3 шамасында болды. 2019 жылы ең төменгі 3,5 км3 шамасындағы жылдық ағын тіркелді. 2020 жылы ортакөпжылдық ағын 4,3 км3 құрады. Жайық өзенінің ахуалы мемлекет бақылауында және екі ел президенттері мен үкімет басшыларының деңгейіндегі кездесулерде өзен тағдырына қатысты мәселе талқыланып келеді. Өкінішке қарай алдын ала болжам бойынша судың аздығына байланысты цикл биыл да сақталады. Жайық өзенінің ерекшелігі – оның жылдық ағынының 70 пайызы су тасқыны болатын кезеңде толығады. Осы уақытта өзен суының 80 пайызы РФ және ҚР су қоймаларында жиналады. Соның салдарынан антропогендік фактор күшейе түсіп, өзеннің төменгі жағына су келмей жатыр. 2021 жылы Жайық өзенін экологиялық тұрғыда оңалтуға байланысты Қазақстан мен Ресейдің бірлесуімен бағдарлама қабылданды. Одан бөлек бірыңғай жол картасы аясында өзен бойындағы су шаруашылығы нысандарын жақсартуға байланысты зерттеу жұмысы жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан және Атырау, Ақтөбе облыстарында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау үшін жасақталған іс-шара жоспарына сай 2025 жылға дейін 98 миллиард теңге қаржы жұмсау көзделуде, – деді жиынға онлайн жүйемен қатысқан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.
Жиында «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ директорының орынбасары Саят Әлімқұлов Жайық-Каспий су шаруашылық алабы табиғи су ресурстарының, өзен ағыны, атмосфералық жауын-шашын мен ауа температурасының көп жылдық тербелісі, су ресурстарының антропогендік өзгерісі туралы мағлұмат келтірді. «Толыққанды талдау үшін Жайық өзені бойында орналасқан барлық су қоймасындағы жағдай туралы ақпарат жетіспейді.

Сондықтан бұл мәселе тек клиамттық ахуалға байланысты деп түйін жасауға болмайды. Әлбетте, жалпы өзен ағынының азайып кеткені анық байқалады. Бірақ бұған антропогендік фактор ықпал етіп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Трансшекаралық өзеннің сақталуына қатысты мәселелерді қос тарап экологиялық және экономикалық тұрғыда бірлесіп шешуге мүдделі болуы керек. Жаңа ғана вице-министр Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау, су шаруашылығы нысандарын дамыту үшін кезең-кезеңімен миллиардтаған теңге бөлініп жатқанын айтты. Бірақ осы қаржыдан ғылыми-зерттеу жұмысына аталған қаржының бір пайызы да қарастырылмай отыр. Ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы – кешенді зерттеу жүргізудің бір ғана бөлігі. Гидрологиялық жұмысты барлау бар мәселені шешпейді, балық шаруашылығын, жануарлар әлемін және орман алқабын сақтап қалуға мүмкіндік беретін жан-жақты терең ғылыми зерттеу жүргізу ауадай қажет», – деді Саят Құрбанбайұлы.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті директорының орынбасары Наталья Даулетьярова «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы» жөнінде баяндады. «Қазгидромет» РММ бас директорының орынбасары Серік Саиров бірыңғай жол картасының жүзеге асуы және гидрологиялық болжам туралы айтты.
Жиында РФ Федералдық су ресурстар агенттігінің Төмен-Еділ бассейндік су басқармасы басшысының орынбасары Сергей Ридель және бірқатар сала мамандары мен еңбек ардагерлері Жайық өзенін сақтап қалуға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

  • 01.03.2022
  • 263
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика