• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Балалардың тегін үйірмелерін бюджеттен қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жөніндегі жобалар шеңберінде Алматы облысында 2021 жылдың маусым айынан бастап шығармашылық және спорттық үйірмелерге 2 млрд. 540 млн. теңге бағытталып, игерілді. Оған қоса операторлық қызметтерді орындауға жергілікті бюджет есебінен 8 штаттық бірлік бөлінді. Соның нәтижесінде көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік жасалды.  Сондай-ақ індет салдарынан бизнесі тұралаған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілді. 95 мыңнан астам бала қамтылып, 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні спорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың artsport.edu.kz порталында 419 жеке кәсіпкер тіркеліп, жұмыс істеуде, 10 658 өтініш қаралып, 3 703-і мақұлданды, балалар саны - 95 389. Тағы да 2 мың өтініш қаралу үстінде, күніне шамамен 150-ге тарта өтініш түсіп жатыр. 
2022 жылдың бекітілген бюджетінен бөлінген 4 млрд. 400 млн. теңгенің бүгінгі күнге 3,1 млрд. теңгесі игерілді. Ай сайынғы жұмсалатын шығынның 2 млрд. 632 млн. теңге екенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған үйірмелердің қызметін одан әрі қолдауға биылғы жылдың соңына дейін қосымша 20 млрд. теңге қажет. 

Осыған байланысты осы жылдың 14 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен ваучер беру уақытша тоқталды, ал 2022 жылдың 1 наурызынан бастап өңірде шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджет қаржысының болмауына байланысты қаржыландыру тоқтатылғанны туралы хабарлама жіберілді. 

Бұл мәселені шешу үшін Президент Әкімшілігінің, тиісті министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының және жұртшылықтың  қатысуымен жедел жиын өткізілді. Жиында балалар спорты мен шығармашылығын қаржыландыру тетіктерін енгізу ережелерін жетілдіру туралы өзекті мәселе талқыланды. Бұл саланы жергілікті бюджеттен қаржыландырудың қиындығына байланысты республикалық бюджеттен қолдау қажет. 

«Бұл проблема - барлық облыстарға ортақ мәселе. Мұны өзіміз шеше алмайтын болғандықтан мәселені бірінші болып көтердік, өйткені біздің өңірдің демографиялық өсімі жоғары, жыл сайын 20 мыңдай бала өмірге келеді. Қазіргі кезде облыста 4 пен 18 жас аралығындағы 574 831 бала тұрады. Қалыптасқан жағдайды сараптай отырып, біз өз ұсынысымызды 10 наурызға дейін Президент Әкімшілігінің қарауына жолдаймыз. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі басшылығының ерекше бақылауына алынды», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. 

Алматы облысы әкімігінің баспасөз қызметі

  • 05.03.2022
  • 271
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика